«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» диалогқа шақырады

2015 жылғы 19 Мамыр
14730 просмотров

«Ұлттық палата жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуден өткізу ережелері және аккредиттеуден өткізуге қойылатын біліктілік талаптарына» сәйкес қауымдастық (одақ) нысанындағы жеке кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар бірлестіктері (бұдан әрі – қауымдастық (одақ) аккредиттеуден өтуге тиіс.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында аккредиттеу республикалық салааралық, салалық қауымдастықтарға (одақтарға), сондай-ақ республикалық шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерлік қауымдастықтарына (одақтарына) қатысты жүзеге асырылады.

Қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуден өткізуге арналған құжаттар ресми баспа БАҚ-та қағаз тасығыштарда (19.05.2015 жылғы № 91 (27967) «Егемен Қазақстан» газеті, 19.05.2015 жылғы № 91 (27 967) "Казахстанская правда" газеті), және /немесе электронды формада аккредиттеуден өту туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 3 ай ішінде қабылданады.

Қауымдастықтар (одақтар) Ережеде көзделген құжаттар топтамасын Ұлттық палата Басқармасына мына мекенжайға жолдайды:

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,  индекс 010000,

«Есіл» ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 8, «Изумрудный квартал» ӘҒ, «Б» блогы.

e-mail: accreditation@palata.kz

Ұлттық палатада аккредиттеуден өту үшін мына құжаттарды ұсыну қажет:

1) қауымдастықтың (одақтың) мүддесін сенімхатсыз танытуға уәкілетті қауымдастық (одақ) басшысы немесе сенімхат бойынша өкіл (сенімхат көшірмесін тіркеумен) қол қойған, Ережеге 1 Қосымшада белгіленген форма бойынша өтініш;

2) қауымдастық (одақ) қызметі туралы есеп және қауымдастықтың (одақтың) белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;

3)      Ұлттық палатада аккредиттеуден өту үшін мына құжаттарды да ұсыну қажет:

- қауымдастық (одақ) өзінің дауыс құқығы бар өкілін (өкілдерін) қосуды ұсынып отырған Ұлттық палата Төралқасының комитеті туралы мәліметтер;

- жоғарыда аталған өкіл (өкілдер) туралы мәліметтер (Т.А.Ә., түйіндеме, біліктілік, кәсіби тәжірибе, сонымен қатар экономиканың сәйкес саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер, жеке куәлік көшірмесінен тұрады);

- кеңесу дауысы құқығы бар қауымдастық (одақ) өкілі (өкілдері) қатысуы үшін Ұлттық палата Төралқасының өзге де комитеттері туралы мәліметтер, сондай-ақ жоғарыда аталған өкіл (өкілдер) туралы мәліметтер (Т.А.Ә., түйіндеме, біліктілік, кәсіби тәжірибе, сонымен қатар экономиканың сәйкес саласындағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер, жеке куәлік көшірмесінен тұрады);

- қауымдастықтың (одақтың) съез жұмысына қатысуға ұсынылатын өкілі туралы мәліметтер;

4) қауымдастықтың (одақтың) штаттағы жұмысшылары тізбесі, Т.А.Ә. және лауазымын көрсетумен.

Біліктілік талаптары және аккредиттеуден өту процедурасы Ережеде белгіленген.

Ереженің толық мәтінін мына жерден жүктеуге болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер