«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сауда базарларының заманауи форматқа көшуі сатып алушылар мен жалгерлерге қажет

2015 жылғы 26 Мамыр
8305 просмотров

Абылай Мырзахметовтың айтуынша, қалыптасқан жағдайдың бір себебі – базарларда заманауи форматтың болмауы.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы базарлардың заманауи форматқа көшуін қолдайды, және де бұл мәселемен ешкім де таласпайды, себебі ол жалпының мүддесіне жасалады, ең алдымен тұтынушылар мен жалгерлердің. Сатушылар жұмыс жасау үшін қалыпты жағдаймен қамтамасыз етілуге тиіс», - деді Абылай Мырзахметов.

Базарлардың жартысы бұзылуға тиіс екенін атап өтіп, ҰКП басшысы сонымен бірге жалгерлердің де мүдделері ескерілуге тиіс екенін баса көрсетті. Абылай Мырзахметов хабарлағандай, ҰКП базарларды бұзу бойынша Жол картасын дайындаған (оның айтуынша, елде 700-ден астам базар бар). Оның пікірінше, Алматыда туындаған  түйткілдер еліміздің басқа да өңірлерінде туындауы мүмкін.

«Себебі шарттар жоқ, базар иесі, жалгерлер құқығы заң жүзінде реттелмеген, үлгілік шарттар жасалмаған», - деп түсіндірді ҰКП басшысы.

Оның айтуынша, қазірде «қиын келіссөздер» жүргізілуде және тергеу және өзге де қимылдардың объективті түрде жүргізілгені аса маңызды, және де болған оқиғаның шынайы себебін анықтауға қол жеткізілген. Осыдан кейін ғана сақтандырудың орнын толтыру жолдарын түсінуге болады. Өрт базар иесінің кінәсінен орын алды ма, әлде өрт жүйесі жұмыс жасамай қалды ма, не болмаса бұл өртеу ме немесе біреудің салақтығының салдары болар. «Және де мұнда өртеніп кеткен жай иелерінің аталмыш процестің ашық өткізілуіне алаңдаушылығын тудырып отыр. Біздің әкімнен сұрап отырғанымыз да осы», - деді Абылай Мырзахметов.

Төраға сөзіне сүйенсек, штаб құрылған, жұмыс жасалып жатыр. Ұлттық палатаға кәсіпкерлерден 600-ден астам өтініш келіп түскен, оның жартысы – ірі өртте зардап шеккендер. Сонымен бірге, «Атамекен» Ұлттық палатасының басшысы баса көрсеткендей, аталмыш мәселеде құқықтық алаңда әрекет ету қажет.

«Қазір бастасы – объективті түрде әрекет ету. Зардап шеккендер мынаны өтінеді: Бізге Ұлттық қорда нақша бөлінсін, залалдың орны толтырылсын. Бұл да дұрыс емес, неліктен Ұлттық қор күллі елдің ақшасын бөлуге тиіс. Оларда өркениетті формат талап ететін сақтандыру, шарттар, басқа да құқықтық механизмдер жоқ», - деп түсінік берді ол.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер