«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Прокурорлық ресурс

2015 жылғы 01 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
11040 просмотров

Палата сарапшылары прокуратураның бизнес құқығын қорғауға арналған web-ресурске кіруге рұқсат беруін сұрайды

«Кәсіпкерлер палатасы мамандарына ҚР Бас прокуратурасы жүргізетін жасалып жатқан Бірыңғай тексеріс субъектілері мен нысандары тізіліміне (БТСНТ) және «Бизнес-тірек» кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі жетілдірілген электронды порталды қолдануға рұқсат етілуге тиіс» – деп есептейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова

ҚР Бас прокуратурасы Жамбыл облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің Басқармасы кәсіпкерлерді «Бизнес-тірек» жетілдірілген электронды порталы мен Бірыңғай тексеріс субъектілері мен нысандары тізілімінің жұмысымен таныстырды.

«Жоғарыда аталған жобалар тексеріс тағайындаудың барлық процестерін автоматтандыруға, прокуратура органдары, тексеру органдары мен кәсіпкерлердің өзі үшін шешім қабылдаудан бастап аяқталғанға дейінгі тексеріс процедурасының барлық кезеңдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіпкер тағайындалған тексеріске немесе шешімге келіспеген жағдайда он-лайн тәртіпте өтінім беру мүмкіндігіне ие болады. Нәтижесінде, прокуратураның мобильдік тобы жедел шара қолданады», - деп атады Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитет бақылау және қадағалау органдары үйлестіру және тексерістерді есепке алу бөлімінің прокуроры Құралай Канкина.

Оның айтуынша, порталды пайдалануға берген сәттен бері 28 мың кәсіпкер оған орналастырылған ақпаратты қолданған. Оның ішінде 2,5 мыңы прокуратура органдарына жасалған құқық бұзу туралы хабарлаған.

«Соңғы 2-3 жылда кәсіпкерлер менталитеті мен олардың жеке бизнесін жүргізуі ерекше өзгерді. Бұған Мемлекет басшысының үлкен қолдауының, шағын және орта бизнесті қолдауға қолданылған мемлекеттік шаралардың және тексеріске мораторий жариялануының сеп болғаны бәріне белгілі. Осының бәрі еліміздегі кәсіпкерлік және инвестициялық климаттың жақсаруына әкелгені сөзсіз. Бизнес-қоғамдастық, Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратура органдары өз кезегінде өздеріне жүктелген сенімнен айрылып қалмас үшін, бар күшін салып жұмыс жасауда», - деп атады Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова.

Өңірлік палата басшысының ойынша, заңсыз тексерістерді болдырмау жұмыстары Палата сарапшыларымен бірге жүргізілсе, тиімділігі мен нәтижелілігін арттырады.

«БАҚ-ты қолдана отырып, БТСНТ порталы туралы ақпаратты халық арасына тарату бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажет. Аталмыш ресурспен және жетілдірілген «Бизнес-тірек» порталымен жұмысқа өз тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетеміз. Кәсіпкерлердің заңсыз тексерістер туралы он-лайн өтінім жолдауына көмектесу үшін және олардың қаралуын бақылау үшін, қызметкерлеріміздің кіруіне рұқсат алғымыз келеді», - деп мәлімдеді Қарлығаш Аралбекова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер