«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өз қолымызбен

2015 жылғы 04 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
11469 просмотров

Өңірлік палата қызметкерлері қаржы инстиуттарының бизнесмендерге кредиттер ресімдеуіне көмектесетін болады

Қаржы институттарындағы штат санының шағындығы – бизнесмендер үшін кредит ресімдеуді айлап созып жүруге сылтау емес!

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова осылай деп шешіп, Палата сарапшыларын, қаржы институттары жұмыскерлерінің функционалдық міндеттемелерін орындауына көмектесу үшін, оқуға жіберді. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ұйымдастырған арнайы курстарда оқудан өткен соң, Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері кредит ресімдеуде ауылдық бизнесмендерді сүйемелдейтін болады.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары, Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының консультанттары, Палата және оның аудандық филиалдарының басшылығы ҚазАгро негізгі өнімдері бойынша курсқа қатысты. Палата директоры Қарлығаш Аралбекова сарапшыларды қаржының қыр-сырына үйретуді облыс және аудан әкімдері алдында қаржы институттарының жұмысын қатаң сынға алғаннан соң ұйымдастыруды шешті. Қаржы институттары жұмысындағы кемшіліктер салдарынан ауыл шаруашылығында еңбектенуші кәсіпкерлер кредит ресімдеу кезінде қиындық шегеді.

Енді кредиттеу және кредит алуға құжаттарды толық жинау тәжірибесіне үйретілген Палата сарапшылары бизнесмендерді, әсіресе ауылдықтарды, сүйемелдеп, барлық кезеңдерде көмектесетін болады.

«Ауылдық бизнесмендер үшін кредит ресімдеу 2-3 айға созылып кетеді, себебі қаржы институттарында қызметкерлер жетіспейді. Бірақ бұл бизнесмендер уақытын босқа құртуға сылтау болмауға тиіс. Бүгінде ауылдық кәсіпкерлерді қаржылай қолдау туралы мәселе аса өткірленіп тұр, сондықтан да біз бұл қадамды банктерге көмектесу үшін жасап отырмыз. Егер қаржы институттарының мүмкіндіктері болмаса, бұл жұмысты Кәсіпкерлер палатасының мамандары орындай алады», - деді ол.

Оның айтуынша, егер ауылдық кредит алғысы келсе, онда ол көмек сұрап Кәсіпкрлер палатасына жүгіне алады. Фермерлердің консультация алу үшін Таразға бармауына да болады, себебі облыстың барлық аудандарында Палатаның аудандық филиалдары жанында Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары әрекет етеді.

«Мұнда КҚО мамандары шаруаларға қай қаржы институтына жүгіну керектігін түсіндіре алады, өйткені олардың көбісі осы тұста шатасады. Және де Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры өсімдік өсірушілерге, Аграрлық кредиттік корпорация мал өсірушілерге кредит беретінін, ҚазАгроФинанстың лизингке ауылшаруашылық техника беретінін бәрінің бірдей біле бермейтіні таңқалдырмайды», - деді Қарлығаш Аралбекова. – «Қаржы институттарымен бірге құрған жұмыс тобының аясында, қанша бөлініп, қаншасы игерілгенін білу үшін, бөлінген ақша жөніндегі ақпаратты бөлісеміз деп келістік. Мәселен, егер бағдарламалардың бірі бойынша ақша бітіп қалса, бизнесмендердің құжаттарды босқа жинамауы үшін, жедел ақпараттандыруға тиіспіз. Осы шаралардың барлығы облыс шаруаларын кредиттеуді біршама қолжетімді етеріне сенемін».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер