«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Голландиялық бизнес тараздық әріптесінің бизнесін жөнге салуына көмектесті

2015 жылғы 22 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
10157 просмотров

Ауылдық кәсіпкерлер дамуды қалайды

Тұрар Рысқұлов ауданының кәсіпкері, «Дидар» ШҚ басшысы Дидар Бидайшиева бизнесін кеңейтті, Назарбаев Университетінде білімін шыңдады және Нидерландыдан маман шақырды.

Қаламен салыстырғанда өзара бәсекелестіктің төмендігі салдарынан, сондай-ақ бизнес саласындағы кәсіпкерлік дағдылар мен білімнің жетіспеушілігі себебінен ауылдық бизнесмендердің дамығылары келмейді деген ой қалыптасып кеткен. Дидар Бидайшиева жайлы олай айта алмайсың – Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылының кәсіпкері бизнесін кеңейту мүмкіндіктерін үнемі іздеп жүреді және жаңа білім алуға дайын.

Былтыр ол Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының филиалы мен оның жанында әрекет ететін Кәсіпкерлерді қолдау орталығына алғаш рет жүгінген болатын. Ол кезде Дидар Жолдығұлқызының әрекет жасап тұрған заманауи наубайханасы болған еді. Бизнесвумен 100 тоннаға тоңазытқыш камерасын салғысы келеді де, консультанттардан көмек сұрайды.

КҚО қызметкерлерінің жәрдемімен кәсіпкерге бизнес-жоспар жасалды, «Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 28 миллион теңгеге кредит алуға көмек көрсетілді, ал өтінімі мақұлданғаннан кейін оған банк қарызы бойынша 14%-дан 7%-ға дейін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға көмектесті.

«Биылдың өзінде Дидар Бидайшиеваға КҚО консультанттары «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорына өтінім жазып, жолдауына көмектесті. Нәтижесінде «Шағын және орта кәсіпкерлікті топ-менеджментке оқыту» құрамдасының аясында ол іріктеліп алынып, Астана қаласында Назарбаев Университетінің базасында мемлекеттік бағдарлама бойынша оқуға өтті», - дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Тұрар Рысқұлов ауданындағы филиалының директоры Рысбек Қабылбеков.

Кейін кәсіпкер КҚ орталығына тағы жүгінді. Ол наубайханасының жұмысына жаңа да заманауи дүние енгізуді қалаған екен. Консультанттар оған «Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының «Аға сеньорлар» жобасына қатысуды ұсынды. Кәсіпкер ханым қуана келісіп, шетелдік маманды тартуға өтінім берді. Өтінім мақұлданып, Нидерланды сарапшысы – Тео ван дер Хам – «Аға сеньорлар» жобасының аясында екі апталық миссиямен келіп жетті.

Ван дер Хам мырза бизнесвуменге кондитерлік бизнесті жүргізу жөнінде орынды кеңестер беріп,  рецептілерімен де бөлісті.

«Кәсіпкерлікте 2006 жылдан бері еңбек етудеміз. Үйде жасап, сауда нүктелеріне сатуға өткізген тұшпарадан бастаған едік. Қазір сұрыпталымымызда 20-дан астам түрлі кондитерлік өнім бар, - дейді Дидар Бидайшиева. - Ван дер Хам мырзаның ұсыныстары біз үшін уақыты жасалып отыр».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер