«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбылдық бизнесмендердің мүддесі 1 миллиард теңгеден астам сомаға қорғалыпты

2015 жылғы 18 Қараша
- Жамбыл облысы
10508 просмотров

Өңірлерде өңірлік кәсіпкерлер палаталарының есеп беруі басталды

Өңір кәсіпкерлерінің алдында 10 ай ішіндегі қызметінің қорытындысына алғашқылардың бірі болып Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы есеп берді.

ӨКП есептік жиналысының жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, сонымен қатар кәсіпкерлер, даму қорлары, екінші деңгейдегі банктер, кәсіподақтар, колледждер мен жоғары оқу орындары, БАҚ өкілдері қатысты.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова өтініштердің басым бөлігі шағын бизнес желісі бойынша түсетінін атай отырып, шағын, орта және ірі бизнес қимасындағы келіп түскен өтініштерге егжей-тегжейлі талдау ұсынды. «Жалпы үстіміздегі жылдың 10 айында бизнесмендер мүддесін жалпы сомасы 1 миллиард 589,3 миллион теңгеге қорғау қамтамасыз етілді», - деп хабарлады ӨКП директоры.

Қарлығаш Аралбекова әкімшілік кедергілерді республикалық деңгейде де, жергілікті деңгейде де жою мәселелерін жеке қарастырды. 27 әкімшілік кедергі анықталған: 3 өңірлік және 24 республикалық. Жүргізілген жұмыс қорытындысында 1 өңірлік және 3 республикалық кедергі жойылған, 21 мәселемен жұмыс жасалып жатыр. Оқиғалардың 75 %-да әкімшілік кедерегілерден шағын кәсіпкерлік субъектілері зардап шегетіні анықталды.

Өңірлік даму картасы дайындалып, оның аясында жергілікті атқару органдары және Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы құрылды, Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша әрбір аудан қимасында Төлқұжат әзірленді. 108 кәсіпорыннан тұратын тізілім өзектендіріліп, олармен сауалнама жүргізілді.

Палата жалпы сомасы 41,7 миллиард теңгеге 1,3 ШОБ жобасын сүйемелдейді. Дуалды оқыту жүйесін енгізу Жол картасының аясында жергілікті 27 колледжге дуалды оқытуды енгізу жөніндегі эксперименталдық алаңдар мәртебесі берілді. Кәсіпорындар 26 мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарларын дайындауға және келісуге қатысты. Үстіміздегі жылғы 10 ай ішінде экспорт және ішкі айналымға арналған 1 210 тауардың шығу тегі сертификаты табысталды.

ӨКП 2016 жылы жеңілдікті шарттармен ауылшаруашылық жобаларын және әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруға арналған микроқаржылық ұйым құруды, АӨК, химия, құрылыс және тамақ салалары, металлургия және туризм сияқты облыс бизнесінің дамуындағы басым бағыттарды қолдау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар «Жібек жолы» туристік бизнес-жобасын дамыту үшін жағдай жасалып, «Қазақстан-Тараз» телеарнасында тұрақты көрсетілетін «Бизнес уақыты» телебағдарламасы ұйымдастырылмақшы.

Кәсіпкерлер қойған сұрақтарына жан-жақты жауап алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер