«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Фермерлер кооперативтерге бірігуде

2015 жылғы 18 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
10045 просмотров

Жаңа жылда өңірде ірі сүтті-тауарлы ферма іске кіріседі

Меркі ауданында «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС базасында ірі кооператив құрылмақшы. Бүгінде аграрлық сектордың ілгерілемелі дамуына кедергі келтіретін басты түйткілдердің бірі фермерлердің шашыраңқылығы болып табылады.

Соңғы деректер бойынша, 16 мыңнан астам аграрлық құрылымдар ішінен 75 пайызға жуығында 1-50 гектар аралығындағы жер үлесі бар. Шағын ғана алаңдар фермерлердің техника сатып алуына, суарудың заманауи әдістерін енгізуге мүмкіндік бермейді. Кредит ресурстарына кіру шектелген.

Жергілікті билік аталмыш түйткілді шешуге тырысады. Екі жыл бұрын Жамбыл облысында тіпті шаруа қожалықтарын ірілендірудің арнайы бағдарламасы қабылданған болатын. Ол азды-кем жұмыс жасап тұр, алайда ойлағандай қарқында емес. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылдың 29 қазанында қол қойған «Ауыл шаруашылық кооперациялары туралы» Заң ауыл шаруашылық субъектілерінің бірігу процесіне қосымша серпін беруге тиіс. Ал Меркі ауданындағы пилоттық жоба алғашқы қарлығаш болмақшы. Ірі сүтті-тауарлы ферма келесі жылы жұмыс жасай бастайды.

«Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін бірігу қажет. Әрине, 15 фермерді бірігіп, ортақ іс жасауға көндіру оңай емес. Алдымыздан үлкен келешек ашылуда, себебі ауданымыздың табиғат жағдайы жағымды. 5,8 млрд теңге тұратын жоба 300-350 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтамасыз етеді», - дейді «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС директоры Дастан Айтөленов.  

Оның айтуынша, өңірлік кәсіпкерлер палатасы көп қолдау көрсетті. Атап айтқанда, құқық мәселелерінде, білікті кадрлар даярлауда да көмек көрсетуге дайын. Кәсіпкер сондай-ақ ӨКП көмегімен азық дайындау үшін суаратын жер бөлуге қол жеткізуге болады деген сенімде.

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан жобаны даярлау барысын бақылауда ұстап, консультациялық және өзге де жәрдем көрсетуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер