«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Өтемақы» операциясы

2016 жылғы 29 Қаңтар
- Жамбыл облысы
9518 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы автобус парктеріне өтемақы төлеу түйткілін шешуге кірісті

Азаматтарымыздың белгілі бір санаты үшін қоғамдық көлікте жүрудің жеңілдікті тарифтері маңызды әлеуметтік мәнге ие. Алайда мұның кері жағы да бар, яғни тасымалдаушылар да үлкен түйткілге ұшырауда. Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы әлі де шығын шегіп жатқан автобус парктеріне өтемақы төлеу түйткілін шешуді қолға алды.

Азаматтарымыздың кейбір санатының қоғамдық көлікте жүру кезінде жеңілдікке құқылы екеніне ешкім дауласпайды. Алайда қазіргі экономикалық нақты ахуалда, қосалқы бөлшектер, шиналар, тіпті автобустар да қарқынмен қымбаттап жатқанда, жолаушылар тасымалы саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер ұтылуда. Автобус паркін үнемі жаңартып отыру жөніндегі талапты орындау үшін барлық тасымалдаушылардың екінші деңгейдегі банктерден кредит алуына тура келді әрі ол шағын көлемде емес. Жоғары білікті жүргізушілер мен бақылаушылардың жетіспеушілігі жайлы да естен шығармау керек. Бір сөзбен айтқанда, қайда барсаң да, түйткілсіз орын жоқ.   

Соңғы жылдары қазақстандық бизнестің әдеуметтік жауапкершілік деңгейі айтарлықтай өсті, алайда мұндай қызмет ерікті сипатта болуға тиіс. Дегенмен жергілікті атқарушы органдардың бизнес-сектормен «ынтымақтастығы» көбінесе бұйрық сипатында болады. Мәселен, Тараз қалалық әкімдігі басқа тараптың дәйегіне көз жұма қарап, келіссөз жүргізуге асығар емес.    

- Өткен жылдың маусым айында Тараз қаласы тасымалдаушыларынан азаматтардың жеңілдікті санаттарын тасымалдау кезінде субсидиялаудың жоқтығы жайлы өтініш келіп түсті, - дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова. -  Сонымен бірге «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабының талаптарына сәйкес белгілі бір тұлғалар санатының көлікте тегін жүру құқығын қоса алғанда жеңілдік орнату кезінде қаржыландыру көзін жергілікті өкілдік етуші және атқару органдары анықтайды және атқару органдары тасымалдаушылармен шарт жасайды. Мұнда екі жол бар: тарифтер көтеру арқылы немесе облыс бюджетінен бөлінетін субсидия арқылы. Алайда бағыттардың ешқайсысында да жылжу болмады, әлі де жоқ.

Өңірлік палата аталмыш түйткілді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырыстарында бірнеше мәрте талқылап, Тараз әкімінің атына палата, тасымалдаушылар, азаматтардың жеңілдікті санаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдары өкілдері, депутаттар қатысуымен жолаушылар көлігі саласындағы тариф белгіленуі мәселелері бойынша жұмыс тобын құру ұсынысымен хат жолдады. Алайда ешқандай топ құрылған жоқ. Қайтадан хат жазуға тура келді. Алайда ол да жауапсыз қалды.  

Қала басшыларының әрекетсіздігі себебінен түйткіл автобус парктерінің наразылығын тудыра отырып, көлемді сипатқа ие болды. Тасымалдаушыларға өтемақы төлеу мәселесі Ғани Қасымовтың төрағалығымен Республикалық кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында қаралғаннан кейін ғана Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевқа жетіп, процесс алға жылжыды.  

Өңірлік палата директоры тасымалдаушы кәсіпорындар басшыларымен және Тараз қаласының әкімі Нұржан Календаровпен бірге өңір басшысы Кәрім Көкірекбаевтың қабылдауында болды. Келіссөздер нәтижесінде туындаған жағдайға мұқият талдау жүргізу үшін барлық мүдделі тараптардан тұратын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Өңірлік палата бос қарап отырмай, жеке жұмыс топтарын құрып, олар бірнеше күн ішінде таертеңнен кешке дейін ең танымал қалалық бағыттарда жүріп көрді. Өкінішке орай, облыс орталығының қоғамдық көлігіндегі шынайы жағдай мәз емес болып шықты.

- Өздерін дұрыс ұстай алмайтын жолаушылар бар. Қажет куәлікті үнемі дұрыстап көрсете бермейді, наразылық танытып, көлік инспекциясына шағымданамыз деп қорқытатындар да бар, - деп бөлісті алған әсерімен Қарлығаш Аралбекова.

Палата директоры мұндай деректерден көңіл-күйі бұзылғанын жасырмады, ол мына мәлімдемеден де анық байқалады:

- Қоғамдық көліктегі жағдайдың әді де мінсіз емес екені түсінікті, бірақ прогресс те жоқ емес: автобус паркі үнемі жаңартылып тұрады, қызмет сапасы көтерілуде. Қажет жерге жеткізіп тастаса, қызмет үшін ақы төлеу керек, ал азаматтардың жеңілдікті санаттары растау құжаттарын көрсетсін. Тасымалдаушылар жергілікті бюджетке салықты уақытында төлейді, ал оның қаражаты түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға, білім беруге, денсаулық сақтауға, басқа да өміріміздің маңызды салаларына жұмсалады. Жүргізушілер мен контролерлердің де отбасылары бар, оларды асыраулары керек. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын және орта бизнесті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының басты сараланымы деп белгілеуі кездейсоқ емес. Бұл еліміздің ілгері қарай дамуының басты басымдылықтарының бірі және экономикадағы жағымсыз тенденцияларды жеңуге бастар жол. Қызмет алушылардың барлығы мұны ұмытпауға тиіс, - деп баса көрсетті Қарлығаш Аралбекова.     

Бүгінгі таңда ешкімге де оңай емес екені түсінікті. Барлық бағыттар бойынша бюджетті қысқарту жағдайында барлық жайғасымдарды жабу оңай емес. Бірақ егер азаматтардың жекелеген санаттарының тегін жүруіне қаражатты міндетті субсидиялау жайлы заң бар болса, оны сақтау керек. Егер қандай да бір объективті себептермен мұның бәрін жасау мүмкін болмай жатса, ымыраға келіп, құқықтық алаңда сұхбаттасу керек. Басқа жолы жоқ.

Қоғамдық көлік кәсіпорындарының қаржылық ахуалының қандай екенін, жол жүру тарифін көтерудің қаншалықты негізді екенін, субсидия бөлу үшін қалалық бюджеттің мүмкіндіктерін шамалау үшін, жұмыс тобы құрылуда. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы аталмыш процеске белсенді түрде ат салысуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер