«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Дағдарыс бизнеске қауіп төндіріп тұр

2016 жылғы 08 Сәуір
8198 просмотров

Шағын және орта бизнес субъектілерінің 71%-да өнімдер мен қызметтерге деген сұраныстың кемігендігі байқалады

«Атамекен» ҚР ҰКП-ның Шағын және орта бизнес комитеті отырысында 1200-ден астам респондент қатысқан шағын және орта кәсіпкерлерден алынған сауалнама нәтижелері айтылды.

Респонденттердің 23%-ы сұраныстың 20%-ға дейін төмен түскенін айтса, 28%-ы сұраныс 50%-ға дейін кеміді деп отыр, ал тағы 20%-ы  сұраныс көлемі 50%-дан да төменге құлдырағанын айтқан.

Сұраныс төмендеуінің зардабын көбірек тартып отырған тұрғындармен жұмыс жасайтын кәсіпорындар – 43%, одан кейін тұтынушылары бизнес болатын ШОБ кәсіпорындары – 30%.

«Сұраныстың кемуінің басты себебі ретінде кәсіпкерлер тұрғындардың төлем қабілеттілігінің төмендеуін (39%) және бизнес төлем қабілеттілігінің төмен (33%) көрсеткішін айтып отыр. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес кәсіпкерлердің 42%-ы өз өнімдеріне деген сұранысты қалпында ұстап тұру үшін еш шара қолданбаған. Ал 26%-ы болса сұраныстың азаюы өнімдер мен қызметтер құнының қымбаттауынан болды деп есептейді, тағы 8%-ы басты себеп сату орындарын азайту мен өнімді ілгерілетуге кеткен шығынды кеміту екенін айтқан», – деп айтып берді Палата.

Дағдарыс кезеңінде бизнесті сақтаудың жеке тиімді тәсілдері қандай деген сұраққа кәсіпкерлердің көбі жаңа өткізу нарықтарына шығу қажет деп жауап берген (46%). Бизнесті сақтаудың бір тәсілі ұйым тиімділігін арттыру деп санайды респонденттердің 26%-ы, ал қалған 8%-ы «қызметкерлер штатын қысқарту» керек деп есептейді. Кәсіпкерлердің дағдарыс кезеңінде бизнесті сақтау туралы ұсыныстарын шартты түрде бизнесті жүргізудің сыртқы факторларына, бизнестің ішкі резервтерін жұмылдыруға бағытталған деп екі топқа бөлуге болады. Тек әр он бірінші респондент қана туындаған проблемаларды шешу үшін өз ұйымының ішкі резервтерін жұмылдыруға бағыт алған (9%).

Видеоконференция режимінде Астана және Қарағанды қалаларындағы Комитет мүшелерінің қатысуымен өткен ҚР ҰКП ШОБ-ті дамыту комитетінің отырысында Комитет төрағасы қайта сайланды. Қазақстан Кәсіпкерлер форумының төрағасы Райымбек Баталов тағы бір мәрте төрағалыққа өтті.

Отырыс жұмысына Қазақстанның Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Болат Палымбетов қатысып, проблемалық мәселелер шешудегі бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер туралы айтып берді. Сонымен бірге қатысушылар «Атамекен» ҚР Палатасы жанындағы Төрелік және аралық қарау орталығы қызметімен таныса алды. Бұл жаңа институт процедуралар барысын жеделдетіп, бизнестегі түрлі наразылықтар мен дауларды шешу кезіндегі кәсіпкерлер шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Комитеттің жаңа құрамы 2016 жылға арналған жұмыс жоспарын қалыптастыруда кәсіпкерліктің орта және шағын бизнес секілді саны көп және аралас-құралас категориясының мәселелерін қарауға және оңтайлы шешімін табуға назар аударып отырғаны тілге тиек болды. Қазақстандағы ШОБ-ты зерттеудің, қолдау мен дамытудың жаңа формаларын жасап шығару мәселесі де өзекті.

Комитет мүшелерінің қауымдастық презентациясы арқылы бірімен бірі таныс-біліс бола түсуі шара қатысушыларының қызығушылығын арттырғандай болды.

Комитеттің 2016 жылға арналған ШОБ-ті қолдауға бағытталған жұмыс жоспарын бір апта ішінде аяқтау қажет деген шешім шығарылды. Жоспар жобасын жасауда әр сұрақ бойынша жауапты Комитет мүшелері тағайындалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер