«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сенаторлар Жер кодексінің қабылдануын кейінге шегерді

2016 жылғы 23 Маусым
9012 просмотров

Қазақстан Парламенті кейбір жер нормаларына мораторий жариялауға дауыс берді

Бүгін Сенат депутаттары пленарлық мәжілісте Жер кодексінің кейбір нормаларын тоқтату туралы заң қабылдады. 

Құжатты ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев ұсынды. Ол заң жобасы ҚР Президентінің 2016 жылдың 6 мамырындағы жер туралы заңның кейбір нормаларына мораторий енгізу туралы Жарлығына сәйкес әзірленгенін еске салды.

«Заң жобасында 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін: біріншіден, ҚР 2015 жылдың 2 қарашасындағы «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы нормаларын қолдануға, екіншіден, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ тұлғаларға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы бағытындағы жер телімдерін жалға алу шартымен уақытша жер пайдалану құқығының 50%-нан астамын құрайтын, жарғылық капиталда шетелдіктер үлесі бар заңды тұлғаларға, азаматтығы жоқ тұлғаларға, шетелдік заңды тұлғаларға ұсынуға, Үшіншіден, мемлекеттік меншікте тұрған жеке немесе заңды тұлғаларға, ауыл шаруашылығы бағытындағы жер телімдерін жеке меншікке беруге мораторий жарияланды», – деді вице-министр.

«Жобаны жүзеге асыру республикалық бюджеттен қосымша шығындар шығаруды қажет етпейді және жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлар әкелмейді. Әзірленген заң жобасына сәйкес басқа заң актілерін келтіру қажеттілігі жоқ», – деп қосты Ерлан Нысанбаев.

Бұл заң екінші оқылымда қабылданды. Регламентке сәйкес Парламент құжатты қабылдады және Елбасыға қол қоюға жіберілді деп саналады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер