«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық тігіншілерді қолдайық

2016 жылғы 27 Маусым
- Жамбыл облысы
9688 просмотров

Мектеп формасын тігетін кәсіпорынды Кәсіпкерлер палатасы сайтынан таңдауға болады

Кәсіпкерлер палатасының мектеп формасын тігуге отандық өндірушілерге тапсырыс беру туралы үндеуін Палата кеңсесінде өткен кездесуде тараздық оқушылар да, ата-аналар комитетінің өкілдері де қолдады. Ата-аналармен, мектеп басшыларымен және жамбылдық тігіншілермен өткен ашық пікір алмасуда цехтарға қатысты ескертулер айтылған еді. Біреуінің бағасы қымбат болса, келесі бірі бәсекелестерінен сапа жағынан қалыс қалып келген. Алайда, еш нәрсеге қарамастан, өз облысының патриоты ретінде мектептер мен ата-аналар бірауыздан цехтар мен кәсіпорындарды қолдап, оқушыларға арналған формаларға тапсырыс беруге ниет білдірген еді.

Кәсіпкерлер палатасы мүмкіндігі мен оқушыларды киіндіруге ниетті барлық тігін шеберханаларынан, цехтардан, кәсіпорындардан мәліметтер жинау бойынша ауқымды жұмыс атқарды.

Палатаның Интернеттегі ресми сайтында «Отандық тауар өндірушілер» айдары құрылып, «Жамбыл облысының тігін цехтары, кәсіпорындары» бөлімінде 13 бизнесменнің мәліметтері – компания туралы толық ақпараттар, дайын формалар үлгісінің суреттері, бағасы мен байланыс нөмірлері ұсынылған (сілтеме - http://taraz.palata.kz/ru/pages/605). Өндірушілерден келіп түскен ақпараттарға қарай, бұл бөлім болашақта толықтырыла түспек.

«Ата-аналар, мектеп басшылары және оқушылар, кіріңіздер, көріңіздер, таңдаңыздар! Сіздерге қолайлы болуы үшін барлығы бір ресурсқа топтастырылған әрі бағасы қолжетімді! Өз Отанымызға деген патриотизм әрқаймысыздың жүрегімізге ұялауы тиіс. Біздің тігіншілерімізге қолдау қажет, сондықтан күзді күтіп отырмаңыздар, өзге елдердегі бәсекелестерімізден арзан әрі сапасыз формаларды сатып алмаңыздар, өз облысымыздан киініңіздер!», – деді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер