Жастар кеңесі құрылды
Кәсіпкерлер палатасы жанынан Жастар, инновация және шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңес құрылды
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жүргізген әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша, қазақстандық жастар арасында, респонденттердің 42%-ы кәсіпкерлікпен айналысқысы келетінін, алайда оған қажет қаражат тапшылығы бар екені анықталған. Ел кәсіпкерлерінің тек 30%-ын ғана жас кәсіпкерлер құрап отыр. Осы және басқа да дәйектер мен сандар өз ісін енді бастап жатқан жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету қажеттігін көрсетеді. Осы мақсатта Кәсіпкерлер палатасы жанынан Жастар, инновация және шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кеңес құрылды.
Алғашқы отырыста Кеңес құрамы мен ережелері бекітіліп, төрағасы тағайындалды. Осылайша, кәсіпкер, еңбекпен қамту және білім беру, мамандыққа бейімдеу орталығының жетекшісі, «Жамбыл облысы коммерциялық емес ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ төрайымы Айнұр Зəуірбекова Кеңес басшысы болып тағайындалды.
«Кеңесті құрудағы басты мақсат шағын және инновациялық, жастар кәсіпкерлігі субъектілерінің мүдделерін қорғау, жастар кәсіпкерлігі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мəселелері бойынша бизнес пен мемлекеттік органдардың өзара əрекеттестігінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу болып отыр», – деді Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова.
Кеңес құрамына өңірдегі басым экономика салаларында қызмет етіп келе жатқан білікті бизнесмендер тартылмақ. Кеңестің апта сайынғы отырыстарында өзекті мәселелер бизнес, мемлекеттік органдар және қоғам өкілдерінің қатысуымен талқыланатын болады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: