«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Күзбен бірге жаңа шағын несие

2016 жылғы 22 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
8544 просмотров

Таразда қоңыр күз табалдырықтан аттай сала, тағы бір несие көзі пайда болды. Өйткені жақында «Атамекен-Тараз» шағын қаржы ұйымы есігін айқара ашпақ

Кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігінің ортақ жобасы жақында жұмысын бастайды. Мақсаты – ауыл шаруашылығын дамытуға несие беру. Өйткені Жамбыл облысы өнеркәсіптік-аграрлы өңір саналады.

Облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, Жамбыл облысындағы агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2015 жылдың қорытындысы бойынша 6,6 млрд теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге, облыстық бюджеттен 5,2 млрд теңге субсиядия бөлінген.

2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасының шеңберінде 61 шаруа қожалығы 699,8 млн теңге сомасында несие алып, оған 4077 бас ірі қара мал сатып алынған.

Алайда, мемлекет тарапынан фермерлерге зор қолдау көрсетіліп жатқандығына қарамастан, ауылдағы ағайынның қаржыға қолы жетпей отыр. Бұл туралы аудан кәсіпкерлері өткен жылы облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылған Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбековамен кездесулерде айтқан еді.

Жалпы, осындай жағдайларды бағамдай келе, «Атамекен» ҚР ҰКП пилоттық жоба ретінде бірнеше өңірде шағын несие беру ұйымдарын құру туралы шешім қабылдады. Солардың ішінде Жамбыл облысы да бар. Кәсіпкерлер палатасы (жарғылық салым үлесі 51%)  мен облыс әкімдігі (жарғылық салым үлесі 49%) жақында «Атамекен-Тараз» шағын несие беру ұйымын тіркеді.

«Қаржыландырудың мақсаты ауыл шаруашылығын, сондай-ақ ауылды елді мекендердегі, моно және шағын қалалардағы  әйелдер кәсіпкерлігін дамыту болады, – дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова. – Шағын несие 15 млн теңгеге дейін, 60 айлық мерзімге дейін беріледі. Ең бастысы, комиссия шағын несиенің игерілген сомасынан жылына 4%-дан аспайды. Қарастыру шарттарын, несие беруді, несие және кепілдік саясатын бақылаушы орган ғана бекітеді. Біз де, өз кезегімізде, оларды кәсіпкерлеріміз үшін барынша қолжетімді және жылдам етуге тырысамыз».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер