«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ресей туристерін Қазақстан табиғаты қызықтырады

2016 жылғы 17 Қазан
7230 просмотров

Отандық туризм индустриясының мүмкіндіктері Мәскеуде өткен «Қазақстанның туристік әлеуеті» атты халықаралық тәжірибелік конференцияда таныстырылды

Іс-шара Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасы Сауда өкілдігінің қолдауымен және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Елшілігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму жөніндегі министрлігінің индустрия департаменті, Ресей Федерациясы Туризм жөніндегі федералды агенттігінің қатысуымен өтті.

Конференция Қазақстанның туристік әлеуетін таныту мақсатында ұйымдастырылды және де ресейлік туристерді Қазақстанға тарту үшін нақты туристік өнімдер мен қызметтер ұсынылды. Экология, спорт, емдік-сауықтыру туризмі сияқты Қазақстанның барлық туристік саласы қамтылды.

Қазақстандық 11 туристік компания, сонымен қатар Жамбыл, Қызылорда әкімдіктерінің кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының өкілдері, Ақмола және Маңғыстау облыстарының туризм басқармасы 30-дан астам ресейлік туроператорларға туристік өнімдерін ұсынды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева ішкі туризмнің дамуы Қазақстан үшін де, Ресей үшін де маңызды екенін атап өтті. Екі елдің шекарасында орналасқан облыстарда туризмді дамыту бастамасын қолға алу жоспарда бар. Мұнда шекаралық нарықтың сыйымдылығы 32 млн адам. 2015 жылы Қазақстанға Ресейден 1,6 млн турист келген. Қазақстанның көлік қатынасын, табиғатының әсемдігін есепке ала отырып, аталған іс-шара аясында Қазақстанға қызығушлықтың артқаны байқалды.

Конференция аясында ұйымдастырылған В2В кездесу барысында, қазақстандық және ресейлік туристік компаниялар Қазақстан бойынша туристік бағыттарды ұйымдастырып, өзара ынтымақтастық құру мүмкіндігіне ие болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер