«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сұраныс жоғары

2016 жылғы 24 Қазан
- Жамбыл облысы
8163 просмотров

Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарында бизнес мәселелері бойынша екі мыңнан астам адам кеңес алған

Көп жағдайда кәсіпкерлер бухгалтерлік есеп беру және салық төлеу тәртібіне қатысты кеңестер сұрайды екен.

Консалтингтік қызметтер мен тегін кеңестерді Жамбыл облысының барлық аудандарында орналасқан Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарынан алуға болады.

«Сонымен қатар, орталықтан кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдау көрсету туралы да білуге болады. «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша жас кәсіпкерлер бизнес курстарына жазылып, «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысу үшін ақпараттар ала алады. Айта кетерлігі, «Іскерлік байланыстар»  жобасы шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар орнату арқылы өндірісті жандандыруға қолдау көрсетуге, бизнесті құрудағы жаңа үлгілерді үйренуге мүмкіндік беретін топ-менеджмент жобаларын оқуға, сондай-ақ, сервистік қызметтер туралы ақпарат алуға бағытталған», – деді Кәсіпкерлікке қаржылық емес қолдау көрсету бөлімінің басшысы Диана Түкпетова.

Оның мәліметінше, 2016 жылдың 1 қазанындағы ақпаратқа сәйкес, КҚО-ға көмекке жүгінген 2125 кәсіпкерге 2927 кеңес берілген. Бұл ретте КҚО қызметкерлері 2016 жылдағы жоспарды 41%-ға артық орындаған екен.

«Бұл бизнесмендер арасында біздің қызметтерге деген сұраныстың артқандығын айғақтайды, – деп атап өтті Диана Түкпетова. – Барлық жұмысты 21 кеңесші атқарады».

Осылайша, бухгалтерлік және салық есебіне қатысты қызметтерге сұраныстың көп екені байқалған. Сонымен қатар, статистикалық есепке байланысты сұраныстың жоғарылылығы анықталды. Бұл ретте, аталған қызмет бойынша 1365 ақыл-кеңес ұсынылған. Ал, құқықтық мәселелер бойынша 737 кеңес, маркетинг мәселелері бойынша – 530 және кеден ісіне қатысты 102 кеңес берілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер