«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірдегі құрылыс компанияларына қалай көмектесуге болады?

2016 жылғы 27 Қазан
- Жамбыл облысы
7875 просмотров

Бұл сұрақтың жауабын Отандық тауар өндірушілерді қолдау орталығы ұйымдастырған салалық іскерлік кеңес отырысының қатысушылары іздеді

Іс-шара құрылыс саласындағы мердігерлердің,  отандық тауар өндірушілердің және  облыс әкімдігінің құрылыс,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арасындағы ықпалдастықты  арттыруға бағытталған болатын.

Облыс прокуратурасы және Кәсіпкелер палатасы құрған Отандық тауар өндірушілерді қолдау орталығының басты мақсаты – жергілікті өндіруші компанияларға жан-жақты көмек көрсету.

Орталық ұйымдастырып отырған салалық жиын, бас мердігерлерді – ірі құрылыс компанияларын, құрылыс материалдарын өндірушілерді, сонымен қатар ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде пайдаланылатын өнімдерді, мемлекеттік органдарды, олардың қатарында мемлекеттік сатып алу бойынша негізгі тұтынушы болып табылатын облыс әкімдігінің құрылыс,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасын дөңгелек үстел басында біріктірді.

«Орталық тауар өндірушілердің мәселелерін шешуге ниетті. Олар өзіндік құн, әкімшілік кедергілер мен заңнамадағы кедергілерге қатысты мәселелер, – деп атап өтті облыс прокурорының көмекшісі Абай Алтаев. – Біздің алдағы екі міндетіміз – тауар өндірушілердің тізімін құру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуда жергілікті компаниялардың үлесін ұлғайтуға  сеп болу». 

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова өңірдегі құрылыс саласының сараптамалық деректерін келтірді: «Облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қазандағы есебі бойынша сомасы 2 986 262,9 теңге болатын 137 сатып алу рәсімі жүргізілген. Мемлекеттік сатып алудың 26-сы бір дереккөзден алу арқылы, 12-сі мемлекеттік сатып алудағы баға ұсыныстарын сұрату арқылы және 99 мемлекеттік сатып алу байқау арқылы. 850,2 мың теңге көлемінде тауарларды сатып алу саны – жетеу. Және олардың барлығы отандық тауар өндірушілерден алынған. Алайда олардың ішінде Жамбыл ауданының бір де бір өндірушісі жоқ. Есесіне, сомасы 2 985 412,7 теңге болатын 130 жұмыс пен қызметтің сатып алуында жергілікті кәсіпкерлердің үлесі 100%».

Оның айтуынша, облыстағы құрылыс және құрылыс материалдарын  өндіру саласы тоқсанның алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша сұраныс отандық шикізат және материалдардың пайдасына өзгергенін көрсетті. Осылайша, 2016 жылдың басынан жүргізілген мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша құрылыс саласында бас мердігерлермен жалпы сомасы  5 990 641 627 теңге болатын 66 келісімшарт жасалған. Отандық өнім жеткізушілердің – бас мердігерлердің 100%-ы жамбылдық компаниялар.

«Құрылыс саласының дамуы облыстағы құрылыс материалдарын өндіруші ірі компаниялардағы ұзақ мерзімді тауарларды сатып алу жөніндегі ақпарат негізінде қарастырылды. Олар: «Тараз көлік жолы» ЖШС, «Рауан» ЖШС, «Ақ ЖОЛ құрылыс ББ» ЖШС, «Берікболсын жолдары» ЖШС, «ЖамбылДорМостСтрой-Сервис» ЖШС, «САПАР-Консалтинг» ЖШС, «Абдиказиева КД» ЖК, «AKM Group» ЖШС. Аталған компаниялардың келісімшарттарының жалпы сомасы 945 668 408 теңге. Олардың ішінде облыстық тауар өндірушілермен  жасалған келісімшарттардың жалпы көлемі 340 986 641 теңге немесе 36%. ҚР-ның басқа өңірлеріндегі мердігерлерімен жасалған келісімшарттардың сомасы 324 682 теңге немесе 56,6%. Біз 36% көрсеткіштің артқанын қалаймыз», – деді ол.

Құрылыс компанияларының жаңартылған деректер базасын уақтылы құру қажеттілігі туралы облыс әкімдігінің Құрылыс,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының директоры Әділет Ахатаев баяндады.

«Біз бар күшімізбен бірыңғай база құруымыз керек. Оны ай сайын жаңартып, құрылыс объектілерін мемлекеттік сатып алуға тапсырыс берушілерге бағыттау керек. Өйткені олар бізде қандай материал шығарылып жатқанын білгені дұрыс, – деп атап өтті ол.  – Ол жергілікті қамту үлесін арттыратын болады».

Салада кездесетін мәселелер туралы кәсіпкерлердің өздері баяндады. Олар құрылыс жүргізу кезінде отандық өнімдерге сұраныстың аз болу себебін, сапасыз немесе қымбат сатылуына байланысты бәсекеге қабілетсіз келеді деп түсіндірді.

Жиын соңында, облыстық Кәсіпкерлер палатасы, облыс әкімдігінің Құрылыс,  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және мемлекеттік құрылыс нысандары бойынша бас мердігерлердің арасында ынтымақтасу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Құжаттың міндеті – облыстағы құрылыс өнімдерін өндіретін кәсіпорындарды қолдау, облыстағы өнеркәсіптің дамуын ынталандыру, тауар, қызмет және квазимемлекеттік сатып алуда қазақстандық үлесті арттыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер