«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Малайзиядан үйренеріміз көп

2016 жылғы 08 Қараша
10451 просмотров

Екі тарап бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін және өзге де бағыттағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының Президенті Любовь Худова қазақстандық бизнес-делегацияны Куала-Лумпурға бастап барды. Сапар аясында ҚР Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы мен Малайзия Тоқыма өндіру қауымдастығы арасында екіжақты меморандумға қол қойылды.

Любовь Худованың айтуынша, меморандум дер кезінде бекітілді, өйткені қазіргі кезде әлемдік тоқыма және тігін өндірісі бәсекеге әлдеқайда қабілетті болып келеді. Соған қарамастан Малайзия өңірдегі ең ірі жеткізушілердің бірі. Қазіргі кезде Малайзияның тоқыма және тігін өндірісі экспорт бағыты бойынша 12-орында екен, бұл сала елдің бюджетіне 9,5 млрд малай ринггит пайда түсіреді, оның 19,4%-ын АҚШ-қа экспортталатын өнімдер құрайды. Шетелдік тәжірибені қолдану келешекте екіжақты серіктестікке де игі ықпал етпек.  

Сапар барысында кәсіпкерлер бірлескен кәсіпорындар ашу мәселесін талқылады, сондай-ақ ірі тоқыма кәсіпорындарын аралап, ақпарат алмасты. Әртүрлі мата шығарушылармен, аксессуар өндірушілермен, тағы да басқа бағыттағы кәсіпорындармен танысты.   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер