«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кооперативке біріккен шаруашылықтар қаржыландырылды

2016 жылғы 22 Қараша
- Жамбыл облысы
9481 просмотров

«Атамекен Тараз» шағын қаржы ұйымы 11 шаруа қожалығының жалпы сомасы 107 миллион теңге болатын өтінімін мақұлдады  

Таразда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен биыл тамыз айында «Атамекен Тараз» шағын қаржы ұйымы» ЖШС тіркелді, оның басты мақсаты – несиені ауыл тұрғындарына қолжетімді ету. Әсіресе, дәстүрлі банк жүйесін қолдану тым қиын түсетін адамдарға лайықталған.

«Микроқаржы ұйымының қадағалау кеңесі ауылшаруашылық кооперацияларын құру және дамыту мақсатында ең алдымен кооперативке біріккен шаруашылықтарды қаржыландыру керек деп шешті, – дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова. – Бұл түрлі ауылшаруашылық салаларын өркендетуге септеседі, жаңа жұмыс орындарын ашуға, жамбылдықтардың әлеуметтік жағдайын түзеуге көмектеседі». 

Микроқаржы ұйымының алғашқы клиенті «Меркі өнімдері» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болды, өйткені ол Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ең ірі шаруа қожалықтарының басын қосқан бірлестік. Бұл корпорацияның қол астында 42 сүт өнімін өндірушілер мен сүт өнімдерін өңдеушілер топтасқан. Микронесиелендіру асыл тұқымды, сүті мол ірі қараны көбейтуге бағытталатын болады, сүт мөлшерін осылай ұлғайту көзделіп отыр. 

«Бүгінгі таңда «Атамекен Тараз» микроқаржы ұйымының несие комитеті «Меркі өнімдері» ауылшаруашылық кооперативінің 11 өтінімін қабылдап, 360 бас асыл тұқымды, сүті мол ірі қара сатып алуға 107 миллион 600 мың теңге бөлді. Осы кооперативтің 60 миллион теңгені құрайтын тағы да 5 өтінімін микроқаржы ұйымы қарап жатыр», – деді «Атамекен Тараз» шағын қаржы ұйымының директоры Айнұр Тілегенова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер