«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңір бухгалтерлері бас қосты

2016 жылғы 24 Қараша
- Жамбыл облысы
8219 просмотров

Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанынан Бухгалтерлер клубы құрылды

Клуб мүшелері әрбір отырыста ең өзекті тақырыптарды талқылап, баяндама жасау үшін танымал спикерлер мен мемлекеттік қызметкерлерді және тағы басқа тұлғаларды шақыруды көздеп отыр. Бүгінгі таңда 25 есепші Клубқа мүшелікке өтуге ниет білдірген, дегенмен бірлестіктің есігі жаңа адамдарға әрдайым ашық. Бухгалтерлер клубының алғашқы отырысы Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасында өтті.

Бұл күні Жамбыл облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлері түрлі заң нормалары мен олардың қолданысы туралы әңгімеледі. Аталмыш департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Талғат Қамбатыров шетелдік қаржы көздерінен ақша мен өзге де мүлікті алу кезіндегі салық органдарына беретін хабарламалар мен мәліметтер бойынша енгізілген өзгерістер мен қосымшалар туралы айтып берді.

«Шетелдік қаржыландыруға мониторинг жасау Қазақстанда 11 қазаннан бастап енгізілді, оның мақсаты шетелден келген қаржының дұрыс жұмсалуын қадағалау, – дейді ол. – Мониторинг кәсіпкердің қаржысы мен шаруашылық қызметіне жүргізілмейді. Мәселе, кәсіпкерге қатысы жоқ үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыратын шетелдік қаражаттың нақты жұмсалуын бақылау болып отыр». Мониторингті енгізудегі басты мақсат – еліміздің дамыған отыз елдің қатарына кіруге деген ұмытылысын ескеріп, Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының стандарттарына қол жеткізу болып отыр екен.

Ең қызықты пікірталас электронды есеп-шотқа қатысты болды, оны өз әңгімесінде жанама салықты әкімшілендіру басқармасының басшысы Сәкен Қасабаев, Кедендік одақ пен үшінші елдерге импортты әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Ділнәз Досмұхамбетова егжей-тегжейлі айтып берді. Биыл 1 қаңтардан бастап тәркіленген тауарды өткізетін өкілетті экономикалық операторлар шот-фактураны электронды түрде рәсімдеуге міндетті болған, сондықтан бұл тақырып бухгалтерлер тарапынан көптеген сұрақтар туындатып отыр: тәркіленген тізімнен тауарды әкетудің шарты қандай, тізімге енген тауар импорты қалай жүзеге асады, электронды шот-фактураның артықшылығы неде? 

Клуб жиынында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды шот-фактураны мониторингке ілінген ірі салық төлеушілер, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС төлеушілер де төлей бастайтыны айтылды.

Одан кейін бухгалтерлер көкейдегі сауалдарын Мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлеріне жолдап, пікір алмасып, түйткілді мәселелерді талқылады. «АК Алтыналмас» АҚ бас бухгалтері Марал Сейітқұлова клубтың жиынына арнайы Алматыдан келіпті, шикізат пен материалдарды шығару ережелерін, шот-фактураны рәсімдеуді, салық есебін тапсырудың мүмкіндіктерін, егер қолданылған материалды сату қажет болмаса оны қалай рәсімдеу керектігін сұрастырды.

«ЖамбылЖарықСауда-2030» ЖШС бас бухгалтері Мәдина Ысқақова көптеген бухгалтерлерді мазалап жүрген мәселені көтерді: мемлекеттік ұйымдарға шығысты қандай күнмен көрсетіп, шот-фактураны қашан ұсыну керек, егер ай сайын порталға 30 не 31 күнмен шығарса, үнемі қиындықтар туады, өйткені, жүйе датаны реттеуге рұқсат бермейді. ҚҚС есептеу бойынша да көптеген сауалдар қойылды. Департамент қызметкерлері барлық сауалға толыққанды жауапты беріп отырды.  

Клубтың қатысушыларының өтініші бойынша келесі жиын қаңтар айында өтеді, оның басты тақырыбы 2017 жылғы ұжымдық қосымша құн салығына қатысты заңнамадағы өзгерістерге арналмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер