«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңа Кодексте бірқатар жеңілдіктер бар

2016 жылғы 26 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
9812 просмотров

Салық қызметкерлері кәсіпкерлерге жаңа жылда ҚР Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілетінін түсіндірді

Кәсіпкерлер палатасы жанынан жақында ғана құрылған Бухгалтерлер клубының екінші отырысына Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші мамандары шақырылды.

«Клубымыздың жаңа мүшелеріне «Қош келдіңіздер» дейміз, – деді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Аспандияр Сейсебаев. – Жаңа өзгерістер, мазалап жүрген түйткілді мәселелер бойынша  сұхбат жүргізу үшін, біз қала мен облыстағы кәсіпорындардың, шаруа қожалықтарының бухгалтерлерін және кәсіпкерлерді  осында шақырамыз».

2017 жылы кәсіпкерлер мен бухгалтерлерді қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Талғат Қамбатыров әңгімеледі. Ол «Активтерді оңалту және басқару компаниясы» АҚ арқылы қарыздарды өндіріп алуға, жаппай жариялауға, қосымша құн салығын төлеушілерді тіркеудегі өзгерістерге, көлік, жер салықтары мен заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүліктеріне салынатын салықтарға қатысты түзетулерге тоқталып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің ескертпе тәртібін түсіндіріп берді.

«2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу үшін жеке тұлға бекітілген сипатта жеке кәсіпкер ретінде қызмет бастағандығы туралы ескертпе ұсынады, – деді ол. – Қызмет көрсетулердің ескертпелік тәртіпке ауысуына байланысты, бұрын жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден бас тартуға негіз болып келген тексеру шаралары жеңілдетілді».

Оның айтуына қарағанда, маңызды жаңалықтардың бірі – жеке кәсіпкер ретінде Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік берудің жеңілдетілуі.

Көптеген бизнесмендер үшін өзекті болып тұрған жерасты суларынан пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық тақырыбын басқарма маманы Өмірзақ Қоспанов сөз етсе, оның әріптесі Үмітжан Есеманова салық есеп-қисабындағы арнайы салық режиміне қатысты өзгерістер туралы айтып берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер