«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Зияткерлік меншік саласындағы заңнамалық түзетулер сөз болды

2017 жылғы 23 Қаңтар
- Жамбыл облысы
7241 просмотров

Шара Әділет департаменті мен өңірлік Кәсіпкерлер палатасының ортақ жоспары аясында өтті

Кездесуде шараны ұйымдастырушы – Әділет департаментінің өкілдерімен қатар, ғылым кандидаттары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің қызметкерлері, Жамбыл облыстық сотының судьялары, сондай-ақ республикалық ғылыми-техникалық кітапхана филиалының өкілдері пікірлерін ортаға салды.

«Заңның жаңа жобасы зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы бұдан ары қарай жетілдіру, соның ішінде ғылыми-техникалық даму мен еркін бәсекелестік құруды тежейтін құқықтық олқылықтар мен қайшылықтарды жою, сондай-ақ әкімшілік кедергілер келтіретін нормаларды алып тастау мақсатында әзірленді», – деп атап өтті, заң жобасын таныстыру барысында облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Ерлан Баймолдаев.

Баяндамалардан түсінікті болғанындай, заң жобасы арқылы Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау мәселелерін реттейтін бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізілмек.

Мәселен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне тауар белгісі иесінің заң бұзушы келтірген шығындарын өтеуді талап ететін құқығын бекітетін толықтырулар енгізіледі. Бұдан бөлек, құқыққа иелік етуші келтірілген шығындардың орнына, заң бұзушыдан тауар белгісін заңсыз пайдалану кезінде түскен табысты талап етуге құқылы.

Заң жобасы арқылы өкілетті органның авторлық құқықтар арқылы қорғалатын шығармаларға құқықты тіркеу, қорғалатын құжаттарды тіркеу және беру құзыретін сарапшы ұйымның («Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК) өнеркәсіптік меншік нысанына өткізу ұсынылуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексіне өкілетті органнан жоғарыда аталған әрекеттерге қатысты алымдар мен мемлекеттік жарнаны алып тастау туралы түзетулер енгізіледі. Жарияланбаған шығармаларға ғана құқықтық тіркеу жүргізіледі (шығарманың көшірмесі сақтауға өткізіледі).

Тауар белгілері туралы заңға өтінімді беруден бастап, оны тіркеуге дейінгі рәсімдерден өтуді өзгертуге бағытталған түзетулер енгізіледі, яғни тауар белгісін тіркеуге өтінім берілгендігі туралы ақпаратқа қолжетімділік ұсыну, бірілген өтінімдер туралы мәліметтерді жариялау.

Бұл жаңалық әлеуетті өтінім берушілерді және басқа да құқықиеленушілерді сараптамаға берілген белгілер туралы ақпараттандыру деңгейін арттыруға және тауар белгілерін иеленушілер жіберетін мүмкін деген заң бұзушылықтардың азаюына ықпал етеді.

Заң жобасының толық мәтінімен ҚР Әділет министрлігінің ресми сайтынан танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер