«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қауымдастыққа қош келдіңіз!

2017 жылғы 12 Сәуір
- Жамбыл облысы
7949 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы өңірдің төрт қауымдастығын аккредиттеуден өткізді

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова салтанатты түрде Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының төрайымы Любовь Сушковаға, «Қазақ қымызы» ұлттық сусын өндірушілердің қауымдастығы төрайымы Эльмира Ыбыналиеваға, Жамбыл туристік индустрия қауымдастығының төрайымы Валерия Батуеваға, Жамбыл облысы жолаушы мен жүк тасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы Төлеуқазы Нұрмұхамбетовқа Палатада аккредиттеуден өткені туралы Куәліктерді тапсырды.

Кездесуде ӨКП аккредиттеуінен өтіп қайған Бизнесті индустриялизациядан өткізуге ықпалдасу палатасының төрағасы Латиф Айдаров болды. «Қолдарыңыздғы құжат сіздерге Кәсіпкерлер палатасы атынан мемлекеттік құқық қорғау органдары жән ебасқа ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік ашады. Басқа кәсіпкерлер сіздерден үлгі алып, бірігудің маңызын түсінсе екен деймін, өйткені қауымдастық – кооперация құрыдың алғы шарты», – деді Қарлыған Аралбекова.

 Отандық экономиканы қалай көтеруге болады? Жеңіл өнеркәсіпті қалай жетілдіре аламыз деген сауалдарға «Айвенго» ЖШС жетекшісі Любовь Попова жауап берді: «Кооперативтік достастықсыз жеіл өнеркәсіп алға баспайды. Біздің қауымдастыққа биыл 30 жыл толады. Қауымдастық құрамында 18 адам еңбектеніп отыр. Биыл белсенділігімізді арттырып, алдымызға көп мақсат қойдық».

Әр қауымдастықтың жетекшілері өздрінің бір жалға арналған жұмыс жоспарымен таныстырып, орын алып жатқан мәселелерді ортаға салды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер