«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнес негіздері мектебі» жастарды бизнеске баулиды

2017 жылғы 03 Мамыр
- Жамбыл облысы
4632 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Тараз қаласы маманданырылған колледжінде бизнестің қыр-сырын меңгеруге арналған «Бизнес негіздері мектебі» атты үш күндік оқыту курсы өткізілді

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Ахымбетов Талғат өз сөзінде – «Жастарды бизнеске баулып, ел экономикасын дамытуда шағын және орта бизнестің маңызды рөл атқаратынын» айтты. Кәсіпкерлер палатасы жыл сайын колледж студенттері арасынан бизнеске икемі бар жастарды іріктеп, олармен бірге жетістікке жеткен жергілікті кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырып тұрады.

30-дан астам колледж студенті курстың алғаш күнінде Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасына шақыртылды. Жас студенттерге «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мақсаттары мен міндеттері, басым бағыттары, палатаның жұмысы түсіндірілді. Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Аспандияр Сейсебаев, адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Бағила Абдулдаева мен Агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің бастығы Руслан Рахымбаев кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін жандарға бизнесті қалай және неден бастау керек, отбасылық бизнестің маңыздылығы, бизнесті құқықтық қолдау сынды тақырыптар жан-жақты қамтып, мотивациялық слайдтар арқылы жастарға баяндап берді.

Студенттер назарына әдістеме ретінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірлеп жасаған №3 «Шағын бизнестің 100 жобасы» атты бизнес жоба ұсынылды.

Курстың екінші күнінде студенттер Жамбыл облысына белгілі, өңірдің экономикасы мен өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып, жастайынан бизнеске айналысып жүрген кәсіпкерлердің нақты тәжірибелерімен танысты.


 

 

«Astana Cinema» кинотеатрының директоры Куандықов Олжас жастармен кездесу кезінде: «15 жасынан кәсіпкер болуды армандадым. Жеке кәсіпті ашу үшін бастысы – қаражат емес, қоғамға пайдалы, тиімді жақсы бизнес-идея керек. Қоғам сапалы, заманға сай киноларды, Отандық өнімдерді көргісі келеді, сол себепті өңірде киноиндустрияны дамыту мақсатым орындалды деп айтуға толық негіз бар», – дейді.

 
 

Жас та болса кәсіпке ерте араласуға болатынын дәлелдеген Сабина Хуснутдинова – Тараз қаласы №24 мек

теп-гимназиясының 11 сынып оқушысы. Ол ғаламтор желісі арқылы тапсырыс қабылдап, қолөнер туындыларын сатады. Алдағы уақытта кәсібінің көкжиегін кеңейту үшін «Бизнес жоспар» жасап, Кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінбекші.

 

Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібіне икемі бар жастар үшін Тараз қаласы «Умид» кафесінің директоры Гаюпова Лобар өз бизнесінің қалай бастағанын, жетістікке жету жолындағы ерен еңбегімен бөлісті.

Іс-шараның қорытынды күнінде оқыту курстарынан бойларына жиған-тергендерін саралаған жастар өз жеке «Бизнес идеяларын» сарапшылар алдында қорғау мүмкіндігіне ие болды.

Тараз қаласы мамандандырылған колледжінде «Стомотолог» мамандығының студенті Алтынай Аубакированың медициналық орталық ашу туралы жобасы маңыздылығы жағынан сарапшылар тарапынан қызығушылық танытып, Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Ахымбетов Талғат мырза осындай тың идеялардың жүзеге асуына Палата тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Үш күндік курс соңында ерекше белсенділік танытқан қатысушыларға сертификаттар мен мадақтамалар табысталды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер