«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысының шаруалары инновациялық технологияны меңгереді

2017 жылғы 17 Мамыр
- Жамбыл облысы
8785 просмотров

Агромамандарға тамшылатып суару инновациялық әдісін пайдалануға қатысты семинар өтеді

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіптік кешен субъектілері, облыстың жеке және қосалқы шаруашылықтар және Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері үшін тегін оқыту семинары өткізуді бастады.

Жетекші сарапшылар өңірдің өсімдік және мал шаруашылығы саласының өкілдері алдында практикалық тұрғыда инновациялық технологиялар, құрылғыларды әлемдік деңгейде қолданыстағы әдістері мен біздің облыста ғылымға сүйене отырып бизнесті дамыту және жаңғырту жолдарын көрсетті. Бүгін Байзақ ауданының шаруалары үшін суды үнемдейтін суару технологияларын қолдану тақырыбында алғашқы семинар басталды.

Осы жылдың мамыр-тамыз айларында мал шаруашылығының 5 бағыты бойынша шаруашылықтарда 5 семинар, өсімдік шаруашылығы бойынша облыстың 6 шаруашылығында 5 бағыт бойынша семинарлар өткізу жоспарланып отыр. Семинардың бағытына сәйкес оқытуды отандық және өзге де елдердің сарапшылары өткізеді.

«Ауыл шаруашылығы өнідірісін дамыту инновациялық су үнемдейтін суару технологиялары» тақырыбындағы алғашқы семинар бүгін Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында өткізілді. Семинар екі күнге жалғасады.

Техника ғылымдарының кандидаты, ҚазСШҒЗИ «Техника және техникалық суару» бөлімінің маманы – лектор Вячеслав Жарковтың айтуынша соңғы 5-7 жылда Қазақстанда суарудың заманауи әдісін қолданыла басталды, сонымен қатар тамшылатып суару әдісі де бар.

«2016 жылғы ресми ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда суармалы жерлер – 1 млн 452 мың гектарды құрап, оның ішінде 72 900 гектарына тамшылатып суару қолданылып келеді. Жамбыл облысына келетін болсақ, өңірде 164 мың га суармалы жердің 7257 гектарына тамшылатып суару әдісі қолданылып келеді, – деді Вячеслав Жарков.

Соынмен қатар, техника ғылымдарының кандидаты, ҚазСШҒЗИ директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Миробит Мирдадаевтың айтуынша тамшылатып суару тек шаруашылықтарға ғана тиімді емес, сонымен қатар елімізде де кеңінен танылған әдіс. Мысалға, 2007 жылы ғана Қазақстанда алғаш пайда болған тамшылатып суару әдісімен 2015 жылға дейін 60 мың гектар жер тамшылатып суарылып үлгерген.

Байзақ ауданының шаруа қожалық иелерін өзге де дәріскерлері сөз алып, институттың басқа бөлімдерімен таныстырып, суды үнемдеу технологияларын қалай қолдану керек, қандай суару техникасын қолданған жөн сынды түрлі тәжірибелік сабақтар жүргізді.

«Шыны керек, сонау кеңес уақытында Алматы қаласында оқуымды аяқтағанан соң, ғылым қайраткерлерімен бірге маңызды мәселелерді талқылап, оған жауап іздеу мүмкіндігі алғаш рет туындап отыр. Расында да, бұл семинардың пайдасы көп», – деп ағынан жарылды Байзақ ауданында көкөніс өсірумен айналысатын шаруа Құрманғали Оспанқұлов.

Семинар барысында шаруа тамшылатып суару әдісін қолдану бойынша бірқатар сауалдар қойды, тиісінше ҚазСШҒЗИ қызметкерлері сол орынға барып, көтеріліп отырған мәселеге қатысты кеңес беруге уәде етті.

Айта кететіндігі, агроөнеркәсіптік кешені саласының озық қызметі болу мақсатында «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан Агробіліктілік Орталығы құрылған. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Орталық шеңберінде жетекші сарапшыларды қатыстыр отырып, еліміздің әр аймағында мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығының түрлі бағыттары бойынша оқыту семинарларын ұйымдастырып келеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер