«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысында 10 отбасы кооперативке бірікті

2017 жылғы 29 Мамыр
- Жамбыл облысы
3222 просмотров

Алманың дәмдісі мен нәрлісі «Жамбылда жасалған» брендімен танылады

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында 2016 жылы құрылған «Әулие-ата Алма» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі қарқынды бау шаруашылығымен  айналысады. Бір-бірлеріне жақын орналасқан ауыл тұрғындары бауларды лизнигке алып, есесіне шығындарды азайтып, өнім бағасын төмендету үшін кооперативке құрды.

Қазақстанда қарқынды алма бақтарын дамыту бағыты 2014 жылы «Агробизнес–2020» бағдарламасымен басымдық ретінде бекітілген болатын.

Мұндай баулардың басты ерекшелігі – заманға сәйкес технологияларды пайдаланып, соның арқасында өнімділікті арттыру және өнімнің өз құнын төмендетіп отыр.

Қасымхан Қанаев – кооператив мүшесі, дайын баудың 5 гектарын лизингке алған 10 отбасының бірі.

«Берілген 67 млн теңгенің 40%-ын мемлекет субисидя ретінде қайтарады. Қайтарылған қаражатқа тамшылатып суаруға қажетті озық технологияларды сатып алуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет осылайша 10 жыл көлемінде төлеуге болатын  дайын бизнесті ұсынып, шағын кәсіпкерлерге ірі көмек көрсетіп отыр», – дейді Қасымхан Қанаев.

Биылғы жылы іске қосылған «Әулие-ата Алма» бауының жалпы ауданы 60 га, оның 50 гектары ауыл тұрғындарына 10 жылға лизингке берілді. Жобаның қуаттылығы жылына 2,5 тонна. Алайда мұндай деңгейге алдағы 5-6 жылда жетіп, алғашқы өнімді келесі жылы жинаймыз, деп отыр кооператив басшысы Рустам Ғанижанов.  Мемлекеттің көмегімен 10 отбасымен қоса одан бөлек 25 адамға 50 мың теңгеден жалақы төлеп, жұмыспен қамтып отыр. Олар өнімді ірі партиялармен сауда желілері арқылы сатуды жоспарлап отыр.

Қазақстанда қарқынды алма бақтарын дамыту  2014 жылы «Агробизнес 2020» бағдарламасының басым бағыты ретінде бекітілген. Өткен жылы Жамбыл облысында жалпы алаңы 100 гектарлық екі жоба, биыл тағы 100 гектарды құрайтын екі жоба іске қосылуда. Бір алма кешенінің құны орта есеппен 600 млн теңге.

Бүгінде бауда голден делишес, айдаред, грэнни смит, гала тұқымды ергежейлі көшеттер алғашқы қыстан үсік шалмай шықты.

Енді дайын бауға ие болған әр отбасы несиені 10 жыл көлемінде 6 пайыздық үстемемен қайтаруы тиіс. Алма бағынан қаржылай пайда түспейінше мемлекет 3 жылға дейін жеңілдік кезеңі деп белгілейді.

Айта кетерлігі, берілетін субсидияның бір бөлігіне сыйымдылығы 2 мың тонналық жеміс-жидектер қоймасы салынбақ екен.  Кооператив мүшелері келер қыста дастарханның сәнін тек жергілікті өнім келтіреді, онымен қоса бағасы да қалта қақпайды деп уәде берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер