«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бүгінгі жоба – болашақ кәсіп

2017 жылғы 31 Мамыр
- Жамбыл облысы
9072 просмотров

Жамбыл облысында колледж тәлімгерлерінің көрмесі өтті

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы мен Жамбыл облысы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының қолдауымен «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білімгерлерінің өнімдер көрмесі» өтті. Оған облыстың 25 техникалық және кәсіптік колледждің студенттері өз туындыларын ұсынды.

Көрменің мақсаты – еңбек адамы дәрежесін және техникалық кәсіп мәртебесін арттыру және жұмысшы мамандықтарды дайындаудағы үздік тәжірибені кәсіптік білім жүйесіне енгізу.

Көрмеге қойылған жұмыстардың мазмұнын, жаңашылдығын, шығармашылық талғамын, композициясын, орындау техникасын, сапалық және эстетикалық талапқа сәйкестігін «Казфосфат», «Жамбыл электр желілері», «ЭнергоТехПроф» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өкілдерінен құралған сарапшы топ бағалады.

Сондай-ақ, көрмеге Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы адами капиталдың дамыту бөлімінің басшысы Бағила Абдулдаева, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Саясат Есеев, «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамының Жамбыл облыстық филиалының директоры Гүлмира Есжанова әділ-қазы ретінде қатысты.

Бағила Абдулдаева ның айтуынша, аталған шара Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында көрсетілген еңбек қоғамын құру, жұмысшы мамандықтарына жастардың қызығушылығын арттырып, салаға тарту бағыттарындағы нақты тапсырмаларды жүзеге асыру аясында ұйымдастырылып отыр.

«Білімгерлердің жасаған туындылары келбеті, маңызы мен пайдасы жағынан бірінен-бірі озады. Дегенмен де, біз еңбек нарығында техника саласындағы бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға басты назар аударғандықтан, болашақта жүзеге асуға әбден мүмкін жобалар ғана іріктелініп алынады. Жұмысшы мамандығын әзірлеу бір қарағаннан оңай шаруа емес. Себебі мұн­да сұраныс пен есеп қатар жүреді», – Бағила Абдулдаева.

Кәсіпкерлер палатасы мен Білім басқармасының ұйымдастыратын барлық іс-шаралар жұмысберушілердің қатысуымен өтеді. Мұндай алаңдарда болашақ мамандар мен жұмыс берушілер тікелей кездесіп, пікір алмасу мүмкіндік туындайды.

ХХІ ғасыр – инновациялық технологиялардың заманы. «Болашақ қуаты» - жасыл технологияларды дамыту, балама қуат көздерін табу мәселесі өзекті болып тұрған заманда «Экспо-2017» көрмесі талай бастаманы іске асыру кілтіне айналады. Ал, колледж студенттерінің қолынан шыққан туындылар да дәл осы бағытта дайындалған. Мәселен, «Шағын футбол алаңын автономды электрмен жарықтандыру», «Баламалы энергия көздері арқылы автоматты басқару жүйесі орналасқан Жаңатас көпсалалы колледжінің макеті», «Электронды домбыра», жасыл энергия тақырыбына сәйкестендіріліп тігілген киімдер мен бұйымдар, автокөліктердің бөлшектерінен жасалған жиһаздар, жылыжай жұмысында тамшылатып суару жүйесін пайдалану, биогаз қондырғысының жұмыстық сұлбасы және өзге де инновациялық жобалар көпшілік назарына ұсынылды.

Абай Құнанбаев атындағы гуманитарлық колледжі «Сәндік-қолданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері» мамандығының білімгері Әбірбеков Даниярдың көрмеге қойған «Қалыңдық» атты туындысы сарапшылар қойған талаптарға сай келіп, жеңімпаз атанды. Даниярдың жұмысы металдан қиылып, эмаль мен асыл тастармен безендірілген, триптихте (сюжеті немесе композициясы бойынша біріктірілген үш картина, рельеф немесе сурет туындысы) қалыңдықты алып бара жатқан салт атты, күймедегі қалыңдық және қыздың жүгін артқан түйе бейнеленген болатын.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай туынды әр үйдің төрінде ілулі тұруға лайықты және тарихи құнды дүние. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар мен құнды сыйлықтар табысталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер