«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Минералды тыңайтқыш өнімді арттырады

2017 жылғы 02 Тамыз
- Жамбыл облысы
5679 просмотров

Жамбыл облысындағы шаруалар қант қызылшасын өсіру тәсіліне ден қойды

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы мен «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС Меркі ауданы Сұрат ауылында «Қант қызылшасының қоректену жүйесі» туралы семинар өткізді. Семинарға Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Шу ауданынан келген 150-ден астам қант қызылшасын өндірушілер мен жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты.

«Еврохим» минералды тыңайтқыштарды шығаруда Еуропа нарығында үздік үштіктің құрамында және әлемдік нарықта 10 мықтының қатарында. Еврохим зауытының Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америкада өзінің өткізу жүйесі мен Ресей Федерациясында және ТМД елдерінде АгроОрталық форматындағы дамыған өткізу жүйелері бар. Агроорталықтардың қойма кешендерінде ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері үшін қажетті химиялық өнімдердің түр-түрі қарастырылған.

Ал, Қазақстанда «ЕвроХим» Химиялық кешеннің масштабты инфестициялық жобасын жүзеге асыруда. Жоба азот, фосфор, калий және мезо-микроэлементтерден тұратын минералды тыңайтқыштарды шығаруға бағытталған.

Бүгіннің өзінде «Еврохим Қаратау» компаниясы Қазақстанда іске қосылмақ бұрын, минарлды тыңайтқыштардың бірқатарын Ресей Федерациясында Еврохим компаниясының өндірістік мекемелеріне ұсынуда.

Қазіргі таңда нитроаммофосканың түрлі маркілері, аммиакті селитра, карбамид, сульфоаммофос тіркелген және қолданысқа дайын, сонымен қатар минералды тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасы бойынша да қолдануға болады. Тамырдан тыс жемтік үшін «Еврохим-Қаратау» ЖШС Нутрибор және Нутримикстан тұратын, сондай-ақ, суда еритін моноаммонийфосфат, монокалийфосфат, сульфат калия және тағы басқа жоғары микроэлементтерден тұратын өнімдерді ұсынады.

«2016 жылдан бастап «Еврохим Қаратау» ЖШС Қазақстанның климаттық ахуалына ескере отырып ауылшаруашылық дақылдар үшін түрлі қоректену жүйесін дайындап келеді. 2017 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында орналасқан «Сыпатай батыр» ЖШС қант қызылшасының 12 гектар жеріне азот, фосфор және калийдан тұратын 23:13:8, 14:14:23 нитроаммофоска төселі,  түздік тәжірибе жүргізілді. Гектарынан 800 центнер қант қызылшасын алу жоспарланған, осылайша дәстүрлі қоректену жүйесіне 30 пайыз үстеме түсіреді. Тыңайтқыштарды қолданудың бұл жүйесінің арқасында түсім мол болады, өнім сапасы да артады, онымен қоса ауылшаруашылығы тауарөндірушілердің табысын арттырып, жердің құнарлылығын сақтап қалуға септеседі», – дейді «ЕвроХим Қаратау» ЖШС сату бөлімінің маманы Қанат Канафин.

Қанат Қайыржанұлы жүргізілген тағы бір жемісті тәжірибеге тоқталып өтті:

«Былтыр нитроаммофоска 23:13:8 минералды тыңайтқышы қолданылған Баузақ ауданындағы «Байназаров и К» шаруа қожалығына қант қызылшасын гектарына 80 тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік берді. Сол себепті де бүгінде біз сенімді түрде Еврохим компаниясының тыңайтқыштарын қант қызылшасын өндірушілеріне ұсынып отырмыз».

Жақында Франция, Туркия, Қытай елдеріне барып, қант қызылшасын өндірушілермен тәжірибе алмасып қайтқан «Сыпатай батыр» ЖШС директоры Қанат Шайхиев «ЕвроХим Қаратау» ұсынған минералды тыңайтқыштарының қолданылуын құптайды.

– Былтыр біз себелеп суару технологиясын пайдаланып 200 гектар жерге авантаж сұрыпты қант қызылшасын егіп, гектарынан 504 центнер қызылша жинаған болатынбыз. «Еврохим Қаратау» химия зауытынан құрамын азот, фосфор, калий бар нитроаммофосты қолданып, нәтижесінде биыл гектарынан 800 центнер өнім жинаймыз деп сенеміз. Топырақ қаншалықты құнарлы болғанмен қажетті минералды тыңайтқыштарсыз мол өнім бермейді, – деді Қанат Шайхиев.

Жамбыл облысының әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары Ерлан Құлкеевтің мәліметінше, қант қызылшасында озық технологиялардың қолданылуы – өнім көлемінің артуына ықпал етуде. Атап айтқанда, 1555 га жерге тамшылатып, ал 1325 гектарға себелеп суару әдісі арқылы өсірілуде. Өткен жылы 5,6 мың га. жерден 104 мың тоннадан астам қант қызылшасы жиналса, биыл 9,6 мың гектар жерге егілді. Сонымен қатар, биыл мемлекетте зиянкестерді алдын алу және топырақтың құнарлылығын арттыру мақсатында пестицидтердің яғни ең төменгі нарықтық бағаны құрайтын тыңайтқыштар түрлерінің 50 пайызы субсидияланады, ал бұрын мемлекет тарапынан 50 пайыз отандық және 30 пайыз тыңайтқыштардың санаулы ғана түріне берілетін.

«Еврохим Қаратау» ЖШС елімізде болашағынан зор үміт күттіретін жаңа инвестициялық жоба. Өсімдік күтім мен баптау, құнарлы топырақ пен өсуіне қажет дәрумендердің барлығыбо бойында жеткілікті болған жағдайда ғана тамырын тереңге жайып, лайықты өнім береді. Осы орайда өсімдік, әсіресі бүгінгі жиынның себепшісі – тәтті қызылшасының өсуі үшін азот, фосфор, калий тыңайтқыштарын пайдалану аса маңызды. Ал құрамында аталған маңызды элементтердің барлығы бар сульфоаммомос кешенді минералды тыңайтқышын «Еврохим Қаратау» химия компаниясы шығармақ. Бұл нәпақасын жер анадан тауып жүргендер үшін керек дүние.

Семинарға Шу ауданынан келген «Дархан» ШҚ иесі Шәріп Бірімқұлов диханшылардың қызылшаны егудің ескі әдістерін пайдаланып, әлі күнге дейін селитраны ғана қолданып келетіндерін жасырмады. Ақсу ауылдық округі бойынша 80 га жерге қант қызылшасы егілген екен, енді «Еврохим Қаратау» ЖШС ұсынып отырған минералды тыңайтқыштарды келер жылы қолдану жоспарланған.

Семинар соңында қатысушылардың арасында белсенділік танытқандарға «Еврохим Қаратау» ЖШС-нен тыңайтқыштарды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік беретін сертификат табысталды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер