«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Корпоративтік табыс салығын аударудың есептеу құрылымы мен әдіснамасы өзгеріссіз

2017 жылғы 21 Тамыз
10783 просмотров

 

«Атамекен» алаңында ҚР Салық кодексі жобасының кезекті талқылауы өтті

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің өкілдері бизнес-қоғамдастықпен кездесіп, өзгертулер мен толықтыруларға қатысты түсініктеме берді.

«Корпоративті табыс салығында түбегейлі өзгерістер жасамадық. Негізінен бұл қолданыстағы нормаларды жетілдіруге бағытталған.  Ең көбінде бұл салық төлеушілерде түсінбестік пен дау туындаған жайттарға қатысты», – деді Рустам Жүрсінов.

Талқылау отырысында  ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Сандуғаш Қасымова корпоративтік табыс салығына енгізілетін өзгертулер жобасын бизнес-қоғамдастық назарына ұсынды.

«Корпоративтік табыс салығының есептеу әдіснамасында қандайда бір түбегейлі өзгерістер жоқ. Есептеу құрылымы да, әдіснамасы да сол күйі қалады. Жеке табыс салығын корпоративтік табыс салығының құрылымына жақындату жоспарланып отыр. Күмәнді талаптарға қатысты азды-көп өзгерістер қарастырылған, яғни қолданыстағы тәртіп бойынша шегерімге тек тауар шығаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асырған және 3 жыл бойы қанағаттандырылмаған тұлғалар ғана жатқызылған. Шегерім құқығы тек осындай тұлғаларда болған. Жобада тауар өндіріп, қызмет көрсеткен тұлғаларға, талап құқығын иеленген, сонымен қатар сома барынша арттырылған тұлғаларға шегерім құқығын беру қарастырылған», – деп түсіндірді Сандуғаш Қасымова.

« Таяу арада Үкіметте жаңа Салық кодексі мен Кедендік кодекстің жобалары таныстырылады, бекітілу, күшіне ену мерзімі де талқыланады. Кесте бойынша 2017 жылдың қыркүйегінде ҚР Парламенті Мәжілісі кодексті бекітсе, 2018 жылдың қаңтар айынан бастап күшіне енеді. Ұлттық палата бұл мерзімді өзгертуді ұстанып отыр. Себебі біздің ойымызға аталған мерзім орынсыз, себебі салық төлеушілер жаңа құжатты түсініп, білуі үшін мерзім уақыты тым аз. Парламенттің қарауына ұзағырақ уақыт беруді, өңірлерге шығып 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізуді ұсынып отырмыз. Ең болмағанда бизнес үші бұл әділ болар еді, барлық жаңалықты түсініп, жұмыс істеу оңай емес, кодекс қана емес, заңға тәуелді құжаттар да бар. Оларды қабылдап үлгере ме, үлгермей ме, ол басқа мәселе. Қандайда бір пікір айту қиын», – деді Рустам Жүрсінов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер