«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өңірлік кеңес сайлауға түспек

2017 жылғы 20 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
2366 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңестің құрамы өзгертілетін болады

 Бұл туралы күні кеше ғана Кәсіпкер палатасының ғимаратында өткен Өңірлік Кеңестің кезекті отырысында хабардар етілді. Енді Кеңес мүшелері сайланбалы негізде сынға түсіп, іріктелетін болады.

Бұл жиын бұрынғыға қарағанда өзгерек. «ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» туралы Заңына сәйкес Кеңес мүшелерінің өтпелі кезеңнің уақыты өткеннен кейін Басқарушы орган Съезд жұмыстарына араласа алмайды. Кезекті жиында кәсіпкерлерге кеңес мүшелерін «сайланбалы негізде анықтау» мәселесі толыққанды түсіндірілді.

Кеңес мүшелерінің құрамы облыста тіркелген кәсіпкерлік субъектіліерінің санына қарай бекітеледі. Жамбыл облысында, аудандар мен қалаларды қоса есептегенде тіркелген 60 мыңға жуық бизнес субъектісіне шаққанда Өңірлік Кеңес мүшелігіне 25 бизнесмен қарастырылған. Өңірлік Кеңес мүшелері аймақтық мүлікке байланысты, аккредиттелген қауымдастықтардың санына және салалық мүліктерге қатысты 3 түрлі бағыт бойынша анықталады. Жамбыл облысның территориясына кіретін 10 аудан және бір қаланың үлесін ескере, Өңірлік Кеңестің 40 пайызы, яңни 11 адам аудандардан және 60 пайызы облыстық деңгейдегі шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінен құралатын болады.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасында аккредиттеуден өткен 5 қауымдастықтан 3 адам өңірлік кеңес мүшесіне сайлана алады.

Өңірлік Кеңес делегаттары тікелей дауыс беру арқылы 4 жыл мерзімге сайланатын болады.

ЖО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқын қорғау бөлімінің басшысы Нұрла Ергебаев Кәсіпкерлерге Өңірлік Кеңес мүшелігіне қойылатын талаптарды атап өтті. Айтуынша, Кәсіпорындағы жұмыс өтілімі 3 жылдан кем емес, беделі таза, өңірде мамандандырылған экономиканың маңызды бағыттарында қызмет ету, яғни Жамбыл облысында басым бағыттар болып саналатын агроөнеркәсіптік кешен, туризм, сауда, құрылыс, химия өнеркәсібі салалары саналады, адал кәсіпкерлер ғана сынға түсіп, сайлауға қатыса алады. Мекеменің атынан шығатын әр үміткер бір кәсіпорыннан тек бір ғана дауысқа ие болады алады.

2013 жылы 7 қарашада Өңірлік Кеңес құрылған бастап басқарып келе жатқан «Қазфосфат» ЖШС Бас директоры Мұқаш Ескендіров ендігіде сайлау ашық әрі тікелей дауыс беру түрінде өтетінін құптайды. «Кәсіпкерлердің қолдаушысы мен қамқоршысына айналған Кәсіпкерлер палатасы бүгінде талай кәсіпкердің мүддесін қорғап, атына кір келтірмей келеді. Тиісті заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, кәсіпкерлердің сөзі ескерусіз қалмақ емес. Кәсіпкерлер палатасының әрдайым ашық жүргізіледі. Сол себепті де сайлауға түсіп, «ашық түрде» дауыс беру – Өңірлік Кеңестің жұмысн одан әрі берік ете түспек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер