«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Юлия Якупбаева: «Бизнес үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүзеге асыруда әлеуетті салалар – медицина мен білім беру»

2017 жылғы 04 Желтоқсан
5466 просмотров

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының мониторингтік кеңесі құрылады

Елордада «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев пен Астана қаласының Әсет Исекешевтің бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуінде ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мемлекеттік-жекеменшік серіктесікті жетілдіру бойынша баяндама жасады.

«Елбасы 2020 жылға дейін мемлекеттің экономикадағы үлесін 15%-ға дейін азайтуды тапсырды. Түгендеу нәтижесінде мемлекеттік меншіктегі мекемелердің саны 1163-ға азаяды. Жекешелендіруге 105 нысан берілсе, қайта құруға – 380, таратуға – 243 беріледі. Бүгінде жекешелендіру жоспарына 408 нысан берілген. Бұл кәсіпорындар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік үшін әлеуетті», - деп хабарлады Юлия Якупбаева.

Спикер баяндамасында түгендеудің бірінші кезеңінің нәтижесінде республикалық және коммуналдық мекемелердің құрылымын атап өтті: балабақша - 42%, ЖОО, колледж, қосымша білім беру бекемелері - 20%, монополия, БАҚ, ветеринарлық ұйымдар мен басқалары - 16%; емхана мен аурухана - 13%, театр, музей, мәдениет үйлері - 9%, мемлекеттің қатысуымен жұмыс істеп тұрған 5 991 кәсіпорын бар.

«ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2006-2017 жылдар аралығында 139,5 млрд теңгеге 116 келісімшарт жасалған,  оның ішіндегі 88 келісімшарт 2017 жылға тиесілі. Сонымен қатан жалпы сомасы 1,7 трлн теңге болатын 441 жоба дайындалу үстінде. Оның ішінде 15 жоба республикалық деңгейде, жалпы сомасы – 906,5 млрд теңге. Ал өңірлерде жалпы сомасы 760, 6 млрд теңгеге 426 МЖС жобасы дайындалған. Мемлекеттік-жекеменшік жобаларын жүзеге асыруда Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстары көш басында», - деп хабарлады Басқарма Төрағасының орынбасары.

Спикер сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жүзеге асырылуындағы жобаларды бекіту процедурасының ұзақтығы, қаржылық қамтамасыз ету, ұзақ мерзімді тапсырыстық жоқтығы мен инвесторлық тәуекелдің орын алуы сынды кедергілерді де атады.

Дегенмен, «Атамекен» ҰКП жұмыс атқаруының нәтижесінде заң жобасына өзгертулер енгізілді. ҚР Бюджеттік кодексі мен «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы» заңына МЖС аясында мемлекеттік тұтыну көлемін кемінде 3 жылға арттыруға қатысты өзгертулер енгзілді. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында МЖС жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру қарастырылған. Сонымен қатар Бюджет заңнамасын өзгерту аясында тұжырымдаманы алып тастап, бизнес-жоспармен алмастыруға қатысты түзетулер мақұлданды.

«Бүгінде Бағдарламалық мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің қысқартылған процедуралары бойынша 10 пилоттық жобаны жүзеге асыруға келісім жасалды. Үкімет есеп пен бақылау үшін пилоттық жобаларды бекітуі керек», - деді Юлия Якупбаева.

Мұнымен қоса, кездесу барысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының мониторингтік кеңесін құру ұсынысы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңесті ұсынылғаны, оған депутаттар мен мемлекетітк орган өкілдері қолдау білдіргені хабарланды. Аталған кеңеске депутаттар, бизнес-қоғамдастық өкілдері, сарапшылар мен уәкілетті мемлекеттік орган мүше болады. Өңірлерді аралау, МЖС жобалары бойынша статистикалық мәлімет құру, сала бойынша, жүзеге асыру түріне ұарай жобалар дайындау,  ары қарай тарату үшін МЖС жобасын жүзеге асырудың сәтті тәжірибесін орталықтан жинақтау секілді жұмыстарды атқарады.

«Бизнес үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын жүзеге асыруда әлеуетті салалар медицина мен білім беру болып саналады», - деп Юлия Якупбаева бизнесті ынтымақтастықа шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер