«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Формальді вакцинация

2017 жылғы 20 Желтоқсан
- Жамбыл облысы
3704 просмотров

Палата мал дәрігерлерінің салғырт қарауы малдардың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін екенін анықтады

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы жақында «Жасырын сатып алушы» ерекше акциясын өткізді. Оған ҚР «Атамекен» ҰКП мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында екі жақты Жол картасына қол қойылуы себеп болды. Жол картасында ауыл шаруашылығы саласында жемқорлықтық іс-әрекеттерге итермелейтін сараптама жүргізу, талаптар мен шарттарды анықтау қарастырылған. Сонымен қатар,  «Бейбітшілік» ШҚ басшысы, жергілікті кәсіпкер Қадырқұл Мышбаев аталған мәселеге қолдау көрсетті.

Кәсіпкер ауданының мал дәрігерлері ешқашан уақтылы шара қолданбайтынына шағымданады.

Яғни, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері ұсақ мүйізді малдарды қауіпті аурулардан алдын алу үшін дәрілеу кезінде шаруа қожалыққа уақтылы келмейді. Ең қызығы дәрілейтін құралдарын ұмытып, кәсіпкерлерге дәрігерлердің қызметін орындауға мәжбүрлейді, - дейді Қадырқұл Мышбаев.

Айта кетейік, кәсіпкердің шаруалығында 3700-ден астам ұсақты қара мал, 310 жылқы және 50 бас мүйізді ірі қара бар. Яғни, қойларға ине егу процесін жүргізу үшін кәсіпкерге қосымша жұмысшы қолын тарту немесе шаруа қожалық қызметкерлерінің негізгі жұмыстарына бөгет келтіру керек болады.

Жалпы, ветеренарларды шақыртып, болып жатқан көріністі бейнетаспаға түсіру арқылы акцияны өткізу туралы шешім қабылданды. Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің қатысуы кезінде екі ветеринар қойларға қауіпті ауруға қарсы ине егу үстінде болатын, - дейді Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Сыдықов.

Екіншіден, вакцинация екі шприцпен іске асты. Инені ауыстыру және спиртпен стерилизациялау жүргізілген жоқ. Дегенмен де өндірушіден шприцтерді және инелерді ыстық сумен стерильдеу, вакцина енгізілетін жер де залалсыздандырылуы керек деген арнайы нұсқаулық бар. Ең бастысы әр жануар үшін жеке ине немесе бір рет пайдалынатын шприц қолданылады.

Қойлар мен қозыларға жамбастың ішкі жағынан тері асты вакцина енгізіледі. Видеода көрініп тұрғандай, осы аталған ережелердің барлығын ветеринарлар сақтамаған.

Бір қызығы, аталған манипуляцияны өткізу туралы Қазақстанда бірыңғай тәсіл жоқ. Әр түрлі қауіпті ауруларға вакцина енгізу нұсқаулыққа сай өтеді, ортақ тәртіп пен талаптар жоқ. Ал мал дәрігерлерінің нұсқаулықтарды қалай сақтайтындары түсірілген видеоматериалды тайға таңба басқандай көрініп тұр.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жылдар бұрын аталған шаруа қожалықта 400 бас қой жаппай қырылу фактісі тіркелген болатын. Яғни, мал дәрігерлерінің өз қызметтеріне салғырттық танытуы - төрт түліктің қырылуының басты себебіне айналуы хақ.

Жалпы айтқанда, жауапты тұлғалардың орын алған оқиға қатысты іс-әрекеттері көңіл көншітпейді. Әңгімелесушінің пікірінше, бақылаушы және уәкілетті  органдардың қызмет алаңы Кәсіпкерлер палатасының араласуынсыз  мәселені шешуге мүмкіндіктері жеткілікті еді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер