«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер палатасының Кеңесіне жаңа төраға тағайындалды

2018 жылғы 04 Қаңтар
- Қызылорда облысы
5618 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесін Қайыркелді Темірбаев 

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің жаңа төрағасы тағайындалды. Бұдан былай бұрынғы судья Кеңесте төрағалық ететін болды.

Қайыркелді Темірбаев 1954 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1971 жылдан бастап 2017 жылға дейін сот жүйесінде жұмыс жасаған. Атап айтқанда, еңбек жолын Қазалы аудандық сотында хатшы болып бастап, Қазалы, Жаңақорған аудандарында сот орындаушысы, Сырдария, Жалағаш, Қазалы аудандары мен Қызылорда облысының судьясы қызметтерін абыройлы атқарған.  

Саладағы еңбегі үшін бірнеше рет Қызылорда облыстық сот төрағасының, Қазақстан Республикасы Соттар Одағының, ҚР Жоғары сот төрағасының алғыс хаттарымен, құрмет грамотасымен марапатталған. Сот саласындағы еңбек өтілі 20 жыл.

Айта кету керек, Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу мақсатында құрылған.

Кеңестің негізгі міндеттері:

  • кәсіпкерлер құқығын және кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қорғау;
  • мемлекеттік органдар мен мекемелерге кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныстар беру т.б.

Кеңес құрамына жергілікті атқарушы орган өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, бизнес және БАҚ өкілдері енгізілген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер