«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда экологиялық туризм дамуы талқылады

2018 жылғы 25 Қаңтар
6480 просмотров

Дөңгелек үстел Қазақстанның туризм қауымдастығы ұйымдастыруымен Еуропалық Одақтың «Орта Азиядағы инклюзивті экономикалық даму үшін қоғамға негізделген ауылдық туризм мен туристік ұйымдардың әлеуетін нығайту» атты Эко және Агротуризмді дамыту жөніндегі Еуропалық Орталығыынң бірлескен жобасы аясында өтті

Іс-шара «Экологиялық туризм дамуы: бизнес, қоғам және мемлекет бастамалары мен серіктестігі» атты тақырыпта Inter-Continental Аlmaty қонақ үйінде өтті. Шараға туристік бизнес, мемлекеттік оргнадар өкілдері, «Атамекен» ҰКП және Қазақстан туризм қауымдастығы мүшелері қатысты.

  Қазақстан туризм қауымдастығының директоры Рашида Шайкенова қауымдастық атқарған жұмыс пен Қазақстан территориясындағы экотуризм мүмкіндіктер мен мәселелрі жайында айтты.

 «Біз қырғыз әріптестіріміздің тәжірибесі негізінде қонақүйлер мен мейманханаларды бағалау жүйесін әзірлеп, енгізіп жатырмыз. Ең төменгі талаптарға сай келетін орналастыру орындарына «қызғалдақ» тағайындау сәйкестігі сертификатын береміз, бұл біздің өзіндік жұлдыз сынды бағалау белгіміз», – деді Рашида Шайкенова.

Ерекше қорғалатын аумақтарда туризмді дамыту және осы саладағы бизнес үшін жағдай жасау бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қызмет көрсету саласы депаратменті директорының орынбасары Данияр Тоқтарбаев хабарлады.

Былтыр «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, табиғат қорғау мекемелеріне ұлттық парктер аумағында инфрақұрылым салуға қаржы бөлуге рұқсат етілді. Сонымен қатар ҚР Жаңа Салық кодексі бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен су ресурстарын қолданушы бизнес өкілдерінің шығындары азайтылды, енді жер асты суларын қызмет үшін пайдалану ставкасы 1 текше метрге 0,003 АЕК-ке дейін төмендетілді.

Сонымен қатар жуық арада Ұлттық парктер территориясында туристік және рекреациялық қызмет ережелері жаңарады. Онда  ұзақмерзімді және қысқа мерзімге жер пайдалануға жер бөлу үдерісі жеңілдетілді, талап етілетін құжат тізімі де азайтылды, Ұлттық паркке біржақты тәртіпте жер пайдаланушымен келісімшартты бұзуға мүмкіндік беретін норма да жойылды.

«2017 жылы ұлттық парктер ұсынатын қызмет түрлеріне барлық тарифтер жаңартылды. Туристік топтарды сүйемелдейтін турфмирма қызметкерлі алғашқы рет табиғат қорғау мекемелер қызметіне төлемнен босатылды», – деді Данияр Тоқтарбаев.

 Дөңгелек үстелде ЮНЕСКО-ның Қазақстан бойынша кластерлі бюросының жобалары, «Көлсай көлдері» Ұлттық паркінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форматында жұмыс істеудің жаңа әдісері және Смарт туризм орталығының «Izi.travel» аудиогиды таныстырылды.

 Смарт туризм орталығының құрылтайшысы Дмитрий Тиннің айтуынша Алматы қаласы территорияснда орналасқан 200 туризм нысанын цифрлеу, дыбыстау және аудиогидты құру үшін қалалық бюджеттен 5 млн теңге жұмсалған. Аталған жүйе қаланың әсем жерлерімен төрт тілде дербес танысуға мүмкіндік береді.

  «бір қызығы 2017 жылы біздің жүйені қолданушылардың үштен бір бөлігіні қытай туристері болған. Бұл өте қызықты деректер. Барлығы біз 20 мың турсит қабылдадық», – деді Дмитрий Тин.

   Смарт туризм орталығының құрылтайшысы аталған жүйені басқа да ұлттық парктер территориясында енгізуді ұсынды. Осылайша кәсіби эксурсия мамандары мен аудармашы гид тапшылығы шешілер еді. Оның айтуынша бұл жүйе өте қолайсыз жерлерде, тіпті интернет ұстамайтын аймақтар да істейді.

 Дөңгелек үстелде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жергілікті бөлімшелерінің өкілдері, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметі өкілдері баяндама жасады.

 Кездесу қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалды, олар туризм саласындағы заңнаманы өзгертулерді енгізу бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП-ға жіберілді, онда ұсыныстар жұмыс тобы аясында қаралатын болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер