«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жеке агенттіктер жұмысқа орналастыруды тиімді жүргізеді

2018 жылғы 21 Ақпан
6302 просмотров

Жұмысқа орналастыру мен халықты қайта оқыту үдерісіне Жұмыспен қамту агенттіктері мен оқу орталықтары тарту бұл үдерісті анағұрлым тиімді етеді

Осындай пікірді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында айтты.

«Жұмыспен қамту агенттіктердің жұмысын қайта қарап, жеке агенттіктерге арнап аутсорсинг жүргізу арқылы мемлекеттік органдар жұмысын, сондай-ақ жеке құрылымдардың да қызметін салыстыруға мүмкіндік туады. Осындай тәжірибе ЭЫДҰ дамыған елдерінде бар. Австралияда жұмыспен қамту үдерісі толығымен жеке агенттіктерге аутсорсингке берілген. Уақыт өте келе бұл үдеріс тиімділікті бағалауға, салыстыруға жол ашады және өкілетті органдар қаржы ағынын сәйкесінше басқарып отыратын болады», – деді Абылай Мырзахметов.

 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымованың мәліметтері бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда 320 жұмыспен қамтудың жеке агенттігі жұмыс істейді, оның ішінде 50-ден астам агенттік жұмыспен қамту бойынша ресми есептер тапсырып отырады. Есептерге сәйкес бұл агенттіктерге шамамен 22 мың адам өтінім жасаған, шамамен 5 мың адам жұмыспен қамтылған.

 «Жеке агенттіктердің бұл үдеріске атсалысуы бүкіл нарық бойынша деректер жинап, тиміді жұмыспен қамтудың толық ахуалын білуге жол ашады деп ойлаймын», – деді Мадина Әбілқасымова.

 Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде былтыр оқыту үдерісіне жеке оқу орталықтары да тартылған болатын. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының айтуынша бұл өз тиімділігін көрсеткен.

«Біз депутаттардың бұл салада білікті талаптар болуы қажет деген ойымен келісеміз. «Атамекен» тізілімде 100-ге жуық оқу орталығы бар, олардың белсенділігі күннен күнге артып, орталықтар  6 айлық курстар аясында 4000 астам жұмыссызды оқытып, дайындады. Жеке нарықтың қатысуы тиімділігін арттырып келеді. Біздің ойымызша бұл жайт жұмыспен қамту нарығына оң әсер етеді»,– деді Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер