«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жатақханаларды кім және қалай салатын болады?

2018 жылғы 20 Наурыз
7817 просмотров

Қазақстан студенттеріне арналған жаңа жатақханаларды салу механизмі ұсынылды

«Атамекенде» ҚР Президентінің «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» үшінші әлеуметтік бастамасына байланысты құрылысшыларды ынталандыру мен механизмдерді назарға ұсынатын жиын өтті.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Елдос Рамазанов жиында Елбасының аталмыш бастамасын жүзеге асыруды 2022 жылға дейін кемінде 75 мың орынды беретін жаңа студенттік жатақханаларды салуды қамтамасыз ету тапсырмасын орындау қажет екенің айтты. Бағытты 2019 жылы 15 мыңнан бастап, қаржыландыруды 225 мыңға дейін жоғарылату арқылы 2022 жылы тәмәмдау жоспарланды.

строительство общежитий

Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова жобаның ортақ талқылауға ұсынылғанын айтты.

«Өңірлер бойынша қажеттіліктер картасын, барлық мемлекеттік органдардар мен Ұлттық палатаға талқылауға ұсынылған жұмыс механизмі және заң жобасын дайындадық. Заңнамаға қажетті толықтыруларды енгізу мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз. Басты міндетіміз – аталмыш жобаны сәтті жүзеге асыру», – деді Бибігүл Асылова.

Сонымен қатар, спикердің айтуынша жатақханалардың құрылыс механизмі ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен келісілген. Жоба жайында «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов толық баяндады.

Содан соң отырысқа қатысушылар талқылауға көшіп, нақтылау сұрақтары қойылды.

Мәселен, «ҚР Индустриялық құрылыс технологиялары» қауымдастығының төрағасы Қанапия Нұрбатұров жобаның тиімділігін арттыру үшін жоғары оқу орындарымен алдын ала жекеменшік салушы  қандай обьектілерді қосымша сала алатындығын анықтауды ұсынды. Себебі жоғары оқу орны талапкерлердің 100% толуын қамтамасыз ете алмайтындай жағдай тууы мүмкін.

«Бизнес үшін басты үш мәселе бар: бірінші кезекте жер, инфрақұрылым және үшінші – шығындарды өтеу. Менің ойымша, ең бастысы заңды бекітілген қатаң келісім болып, онда жауапкершіліктер бизнес пен мемлекеттік орган тараптарынан қандай болатындығы нақты анықталуы тиіс», – деді Елдос Рамазанов.

Бизнес жоғары оқу орындарының жауапкершілігі нақты бекітілген болуы тиістігіне баса назар аударды. Сонымен қатар, оператордың рөлі анықталуы қажет.

Жоғары оқу орны басшылығының өзгеруіне байланысты құрылысшылардың тәуекелң болмауы қамтамасыз ету мен негізсіз талаптарға байланысты сұраққа Бибігүл Асылова дәл осы тұс қатаң бақылауда екенін және операторлардың жауапкершілігін «Қаржы орталығы» АҚ өз міндетіне алатынын айтып жауап қатты.

строительство общежитий

Содан соң «ЦеснаБанк» АҚ өкілдері жоғары оқу орны тарапынан жатақханалардың 100% студенттермен толмауы тәуекеліне байланысты мәселе қозғады. Бұл сұраққа осы сынды ерекшеліктерді әр жобада жеке қарастырылады деген жауап айтылды.

строительство общежитий

Нәтижесінде ұсынылған механизмдердің барлығы дерлік тек жоба екені ескеріліп, Елдос Рамазанов өңірлік бизнесті белсенділік танып, құралдарды, ұсыныстарды және перспективаларды қарастыруға шақырды.

«Атамекен» ұсыныстардың бизнес үшін қосымша жұмыс көлемі, өндірістерді қолдау, жұмыс орындарын сақтап қалу сынды жаңа мүмкіндіктер екенін түсінеді. Ұлттық палата аталмыш әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруда жеке сектор мен мемлекет арасында «көпір» болуға дайын. Өңірлік бизнес пен салаларды механизмді қолдауға, алдағы уақытта жобаны әзірлеуде белсенділік танытуға шақырады», – деді Елдос Рамазанов.

Презентация механизмов участия и стимулирования застройщиков «Повышение доступности и качества высшего образования и улучшение условий проживания студенческой молодежи»


Еншілес ұйымдар

Серіктестер