«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тариф төмендетудің бағдары

2018 жылғы 24 Сәуір
8676 просмотров

«Атамекен» электр қуатын арзандату мақсатын қолға алды

«Атамекен» басшысы Тимур Құлыбаев пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Энергетика комитетінің төрағасы Алмасадам Сатқалиевтің жұмыс барысындағы кездесуінде тұтынушылардың электр қуатына бекітілген тарифтің жоғарылығына шағымдану мәселесіне басты назар аударылды.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев бұл мәселеде «Атамекеннің» нақты ұстанымын атап көрсетті – Ұлттық палата электр қуаты тарифінің заңсыз қымбаттауына жол бермейді, мұнымен қоса оны арзандатуға сараптама жүргізу маңызды. Тұтынушылармен байланыс орнату керек, себебі олардың көбінде электр қуатының тарифін төмендетуге қатысты ұсыныс та бар.

Бүгінде электр қуатын өндірудің бағасынан, энергия жеткізуші мекемелердің желісі бойынша жеткізу тарифтерінен және энергия жабдықтау мекемелерінің жабдықтау үстемесінен электр қуатының түпкілікті тұтынушыдағы бағасы құралады.

Сонымен қатар, энергия жеткізуші мекемелердің топ бойынша шектік тариф бекітуін қоспағанда, олардан  алынатын электр қуатының бағасы реттелмейді. Алмасадам Сатқалиев электр қуаты станцияларында жүргізілген өзіндік құнды түгендеу жұмыстарының нәтижесін түсіндіріп өтті. Бұл түгендеу аясында 17 электр станциясының 5 тобында электр қуатын өзіндік құнынан төмен бағамен сататындығы, 10 топта өндірілетін электр қуатының өзіндік құнына теңдестірілген тариф қолданатыны, сонымен қатар тек 2 топта тарифті төмендетуге аздаған әлеует бар екені анықталған.

Энергетика комитетінің төрағасы тарифті азайтудың әлеуеті электр қуатын жеткізу қызметіне тікелей байланысты деп болжап отыр.

Электр қуатын жеткізу қызметінің тарифтерін қалыптастыруда тарифке енгізілетін шығынды немесе оның шектік деңгейін реттеуді, сондай-ақ техникалық және технологиялық нормасы аясына шикізат, материал, отын, энергия шығынын, сондай-ақ нормативті-техникалық шығынының шектігінде табиғи монополиялар субъектісінің шығыс бабына шектеу қоюды қарастырады. Республиканың өзге өңірлерінде қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыннан электр энергиясының түрлі тарифтері қалыптасады.

2017 жылы Қазақстанда электр энергиясын жеткізетін 160 компания жұмыс істеген, оның ішіндегі 32 компания Қарағанды облысына қарасты. Желілерді осылай бөліп тастау электр энергиясын жеткізу тізбегінде 5-7 жеткізушілердің қатысуына жол береді. Бұл электр қуатын тасымалдау құнын кемінде 50%-ға қымбаттады. Былтыр шілде айында «Электр энергетикасы туралы» заңға Ұлт жоспарының 51-қадамында белгіленген Өңірлік энергетикалық комиссияны ірілендіруге қатысты түзетулер енгізілген. Өңірлік энергетика комиссиясының санын қысқарту, ҚР «Электр энергетикасы туралы» заңға қарастырылған біліктілігі талабына сәйкес келмейтін электр жеткізуші мекемелердің тарифтерін азайту өз кезегінде түпкілікті тұтынушыға арналған тарифте көрсетіледі.

Бүгінде электр қуатын жеткізетін үш мекеменің жұмысы тоқтатылды: екеуі Ақтөбе облысында, біреуі Атырау облысында.

Энергетика комитетінің басшысы құрамдастырылған өндірісі бар станциялар үшін электр және жылу энергиясының өндірісіне шығынды бөлу мәселесінде орын алған қателік те электр қуатының бағасына әсер ететінін атап өтті. Бұл мәселені жан-жақты, жүйелі шешуде электр және жылу энергиясының өндірісінде газды қолдануды арттыру да маңызды, сондықтан салалық тиісті  заңнаманы – Жылумен қамтамасыз ету туралы заңды дайындаған орынды. Мұндай заң қабылдау түрлендіру қуатын жаңғырту, қайта құру немесе жаңадан салу үшін инвестиция тартуға, сонымен қатар жылу электр станциясының тозуын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жылу энергиясына электр қуаты есебінен тоғыспалы субсидия бөлуден бас тартуға жол ашады. Жылу электр станцияларының тозу деңгейі 50%-дан асады, кей жағдайларда 70%-ды құрап отыр.

Кездесуде Тимур Құлыбаев электр энергиясы мәселесінен де бөлек қуат үнемдеу және қуат тиімділігін бірге енгізуді ынтыландыруға да назар аударды. Бұл көп жағдайда кәсіпорын инфрақұрылымын модернизациялаумен байланысты. Отын-энергетикалық қорды ұтымды әрі дұрыс жұмсау өндірістің тиімділігін, капиталдандырылуы мен кәсіпорынның бәсекелік қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Бұдан өзге, инвестицияны қайтаруға алып келеді, сондықтан ұлттық дамыту институттары энергияны үнемдеу саясатын ынталандырудың негізгі көзі бола алады және сондай деңгейге жетулері тиіс.

Дегенмен, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саясатын кешенді күшейту үшін «Атамекен» басшысы энергияны үнемдеу және энергия тиімділігіне қатысты бағдарламада қарастырылған барлық құралдар бойынша талдау жасауға, қуатты және әлсіз тұсын анықтап, нақты ұсыныс беруді тапсырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер