«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауылдағы әйелдер бизнесі: мәселелер мен жетістіктер

2018 жылғы 28 Сәуір
19547 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысының іскер арулары ауылдағы әйел кәсіпкерлерді несиелеу бойынша арнайы бағдаралма әзірлеуді ұсынуда

Бұл идея Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастыруымен Түлкібас ауданында өткен «Әйел және бизнес»  форумы барысында айтылды. 100-ден астам бизнесвумен бұл формуға қарым-қатынас жасау, пікір бөлісу,  бір-бірімен тәжірибе алмасу және бизнес жүргізу кезінде туындайтын проблемалардың шешу жолдарын талқылау мақсатында бас қосты. Форумға сонымен қатар Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарынан да қыз-келіншектер келді. Мәжіліс залына кәсіпкерлік саласында көп жыл жұмыс істеген тәжірибелі ханымдар мен кәсібін енді бастаған қыз-келіншектер жиналды.

Іс-шара ұйымдастырылған ғимарат холында ауыл өндірушілердің өнімдері көрмесі ұйымдастырылды. Онда қолөнер, кондитерлік өнімдері, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдары, интерьер мен тамақ өнеркәсібі өнімдері қойылды. Сонымен қатар ауылдағы әйелдер бүгінде мал бордақылау мен өсіруді батыл қолға алып, мал шаурашылығының дәстүрлі емес түрімен – асыл тұқымды ірі қараны өсіру, сондай-ақ, дәрі-дәрмек шығару, омарташылықпен айналысып отыр.

«Ауылдың іскер әйелдері – күнделікті ерлік жасап жүрген жандар – деді ӨКП Түлкібас ауданы бойынша филиалының директоры Марат Байғашаров, ауыл шаруашылығын жүргізудің қиыншылығын ерекше атап өтіп – Ауылдағы кәсіпкер әйелдер ерекше ұйымдастырушылық қабілетке, шаруа жүргізу машықтарына ие жандар, олар бизнеске қатысты өзекті мәселелерді шешуде қатаңдық пен принциптерді ұстанады. Арулардың кәсіпкерлік белсенділігі – аудан, өңір, жалпы еліміздің экономикалық өрлеуінің кепілі».

Ауданымызда өз ісін жүзеге асыра алатын белсенді және мақсаты айқын әйелдердің жеткілікті екендігі статистиканы көрсетеді: Түлкібас ауданында тіркелген 6797 кәсіпкерлік субъектілерінің 45%-ы әйелдер (3270 әйел), ал олардың 60%-ы – жеке кәсіпкерлер (1940 әйел), 40%-ы – шаура қожалықтардың жетекшілері (1235 әйел), 20%-ы – ЖШС басшылары (95 әйел).

Жергілікті әйелдер кәсіпкерлігінің өсуіне, сөзсіз, Түлкібас ауданы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Нұржамал Қырғызәлиеваның жеке тәжірибесі мен кәсіпкерлердің ауылдық жерлерде кездесетін қиындықтары туралы білетін белсенді ұстанымы әсер етті.

«Оңтүстік Қазақстан әйелдеріне бизнес бастауда психологиялық, ақпараттық, қаржылық болсын, қолдау маңызды екенін жеке тәжірибемнен білемін. Білімнің аздығы салдарынан көп кәсіпкерлер салық саласындағы жаңашылдықтар жайында, мәселен, айыппұлдарды төлеген уақытта ғана біледі. Бүгінде бизнесте ақпараттық және кеңестік көмекке анағұрлым қолжетімділік болса, әйелдер кәсіпкерлігіне арналған қаржыландыру, несие алу бойынша мүмкіндік аз. Әйелдер бизнесі үшін төмен пайыздық несиелеу өнімдері әзірленбеген», – деді Нұржамал Қырғызәлиева.

Іскер қыз-келіншектердің пікірінше, әйел кәсіпкерлеріне арналған жеңілдіктер кәсіп ашуға енді қадам басқан ынталылар үшін маңызды.  

Әйелдер кәсіпкерлігінің нығаюындағы маңызды рөлдің қыз-келіншектердің Іскер әйелдер кеңесі жұмысына жұмылуында екенін ОҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева айтты.  

 «Маңызды әрі кезек күттірмейтін міндетіміздің бірі – жаңа өсу факторларын іске қосу. Әйелдердің кәсіпкерлігі сол факторлардың бірегейі. Бүгінгі күні әйелдерге бизнесте мүмкіндігін сынауда көмектесетін құқықтық, әкімшілік жағдайларды, қаржы құралдарын құру маңызды. Қарапайым сөзбен айтқанда әйелдерге бизнесті жүргізуде қолдау көрсету керек. Осы бағытта жұмыс істеп келеміз», – деді Алма Архабаева.

Форум барысында жоспарлар және  болашақтағы қадамдар талқыланды. Бұл облыстың басқа аудандарында ұйымдастырылатын бизнес-форумдар. Дәл аудандарда өтетін мұндай форматтағы іс-шараларадың нәтижелігі орасан. Мәселен, былтыр Созақ ауданында өткен бизнес-форумда іскер әйелдер кәсіпкерлігінің үздік үлгілері көрсетілді. Нәтижесінде ауыл әйелдерінде ынта туып, кәсіп бастауға құлшыныс өсті. Мұндай форумдарды енді тек облыс аудандарында өткізу көзделіп отыр.

Форум қорытындылары жасалған соң дәстүрлі түрде ауылда бизнесті дамытуға үлес қосып отырған ең белсенді әйелдерді марапаттау рәсімі өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер