«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сарапшы: «Биыл шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында белсенділік жақсы»

2018 жылғы 04 Маусым
- Жамбыл облысы
2158 просмотров

Таразда ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының оқу семинарына 40 кәсіпкер қатысты

Таразда ҚР Президенті «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы қатысушыларына арнап оқу семинары өткізілді. Семинарға өңірдің 40-тан астам компаниясы қатысты. Қазірде оқу семинарлары бүкіл республика өңірлерінде өтуде.  

Семинарда байқауға қатысуға ниет білдірген компанияларға консультациялық-әдістемелік көмек, байқау ережелерін түсіндіру және осы ережеге енген өзгерістер, өткізілу тәртібі туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Республикалық байқауларды ұйымдастыру бойынша басқарушы Директоры Салтанат Әбдікәрімова ақпарат берді.

Көрме-байқауға қатысу үшін кәсіпкер сапа саласында жақсы нәтижелерге жетуі тиіс, сондай-ақ нарықта серіктестік кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс. Кәсіпкерлер осы және өзге де байқау ережесіне енгізілген өзгерістер жайлы мәліметтерге қанықты.

«Биыл байқау 3 кезеңнен тұрады, сондай-ақ онлайн дауыс беру арқылы үздіктер іріктеледі. Тағы бір жаңашылдық, байқауға қатысуға altynsapa.kz сайты арқылы онлайн режимде  өтінім білдіруге болады. Сайтта байқау туралы ресми ақпараттар мен барлық қатысушы-үміткер компанияларды көруге мүмкіндік бар» – деп атап өтті Салтана Әбдікәрімова.

Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының жобаларды сү       йемелдеу бөлімінің сарапшысы Нағима Молдахметованың айтуынша, биыл оқуға қатысушылар арасында шағын және орта бизнес субъектілерінің дені басым. Кішігірім бизнесі бар жеке кәсіпкерлер мен қолөнер шеберлері де өз өнімдерін халыққа ұсынуға белін бекем буып отыр. Тауарөндірушілер бөдене жұмыртқасы, қоспа жемдер, мақсары майы сынды өнімдерімен байқауға қатыспақ.

Мәселен, Жуалы аудандық «Шолақбастау» ШҚ қазақтық құрт өнімдерін шығарумен айналысады. Жетекшісі Майкл Бейсеқұлова биыл алғаш рет «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауына қатыспақ. Ол ұлттық құндылығымыз – қазақтың төл тағамы құрт, май өнімдері көптің атлғамына сай келетініне сенімді. Кәсіпкерлік жылына 7 мың тоннадан астам құрт шығаруға әлеуетті.

Жалпы, оқу семинарында қатысушыларға байқау ережесінен тыс, Халықаралық байқауларға қатысу, халықаралық стандарттарға сай келу, компанияның көкжиегін кеңейту, мақсатын айқындап, сапа саласындағы түрлі критерийлер жайы сөз болды.

Спикер, сондай-ақ бәсекеге түсуден сескенбеу керектігін ескертті.

«Бәсекесе бар жерде сапа артады, бәсеке бар жерде компания дамиды. Бұл байқау - нарықтағы небір алпауыт компаниялардың өнімімен танысып, пікір алмасуға, байланыс орнатуға мүмкіндік беретін алаң. Сондай-ақ шет елдердің тауарөндірушілерімен келісім жасасуға ықпал ететін алаң. Байқау кезінде бәрі де мүмкін» – деп Салтанат Әбдікәрімова кәсіпкерлерді жігерлендірді.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасында ҚР Президенті «Алтын Сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысуға өтінім беру науқаны жүріп жатыр. Қазірше 77 компания қатысуға ниет білдіріп отыр.        
 

Толық ақпаратты 8 (7262) 555 913 байланыс нөмірінен ала аласыздар.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер