«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Медиация арқылы дауды реттеу мүмкін бе?

2018 жылғы 13 Маусым
- Солтүстік Қазақстан облысы
10256 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне дауды сотқа дейін қалай реттеуге болатыны жайында ақпарат берілді.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың сот медиациясын қолдануы бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында «Медиация бойынша пилоттық жоба» атты семинар өтті.

 Семинарға Солтүстік Қазақстан облысы сотының азаматтық істер бойынша алқасының төрағасы Айдар Смағұлов,  Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судья-медиаторы Дамир Омаров, ӨКП директорының орынбасары Жеңіс Қазиев, палата өкілдері мен бизнес субъектілері қатысты.

 «Медиация – бұл тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында тараптар арасындағы дау немесе тартысты медиатор (медиаторлар) қатысуымен реттеу процедурасы. Шетел мемлекеттеріндегі медиация үлгісінде аталған институт дамуының келесі факторларын атап өтуге болады. Бұл механизмді жетілдірудегі жолдарды табу қажеттілігі, заңгерлердің корпоративтік деңгейінің жоғары дәрежесі, оларды сотқа дейінгі міндетті қолдануды қамтамасыз ететін шаралар әзірлеу, мамандандырылған ұйымдардың белсенді қызметі болып табылады», – деді Дамир Омаров.

Дауларды шешудегі тиімді шаралардың бірі ретінде танылған медиация институты «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық құжатта көрініс тапты.

 «Кәсіби медиаторлар – бұл 25 жастан асқан, жоғары білімі мен Медиаторларды дайындау Бағдарламасының талаптарына сәйкес оқытуды растайтын сертификаты бар тұлғалар. Бұлардың бәрі кәсіби медиаторлар тізіліміне енген»,– деді кәсіби медиатор Татьяна Короткевич.

Айта кетелік,  кәсіби медиатор заң бойынша сыйақы алуға және өзінің шығындарының өтеуін алуға құқылы.

 Жиын барысында семинар қатысушылар пікір алмасып, мазалаған сұрақтарына толымды жауаптар алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер