«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жуалы ауданында 9 кәсіпкер «Аудандық кеңес» мүшелігіне сайланды

2018 жылғы 13 Маусым
- Жамбыл облысы
8837 просмотров

Бұл пилоттық жоба Қазақстан бойынша тұңғыш рет Жамбыл облысында іске асты

Сайлауға қатысудың тәртібі бойынша, үміткерлерден Жуалы ауданы аумағында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, ауданда кәсіпкер ретінде тіркелу, бұрын-соңды сотталмаған, салық берешегінің болмауы талап етілді. Осы талаптарға сай келетін 14 үміткер 9 орынға комиссия мүшелерімен іріктелініп алынды (кеңес құрамында мүшеліктің орны аудандағы бизнесмендер санымен анықталады).

Канадидаттарға аудан бизнесмендері ғана дауыс берді: Жеке кәсіпкерліктер, шаруа және фермерлік қожалықтар басшылары, Әлеуемттік кәсіпкерлік корпорациялары мүшелері. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Жарғысына сай дауыс беру процедурасы жасырын түрде жүргізілді: сайлаушылар учаскіге келіп немесе www.vote.atameken.kz сайты арқылы онлайн-режимде дауыс берді. Бүгінде Жуалы ауданында тұрақты жұмыс істейтін 3 700 кәсіпкерлік субъектісінің 1 338-і  ерікті түрде дауыс беру науқанына қатысты. Дауыс берудің қортындысын Сайлау комиссиясы жасады.

Нәтижесінде сайлауға түскен 14 үміткердің 9-ы Кеңес мүшелігіне сайлану құқығына ие болды. Олар: Аудандық Іскер Әйелдер Кеңесінің төрайымы Әсима Шекеева, «Ақтөбе-18» АӨК басшысы Нұрбек Сарбаев, «Шынтас» асыл тұқымды жылқы ШҚ басшысы Нарқозы Наурызқұлов, «Жуалы сүт өнімдері» ЖШС басшысы Қуаныш Мешелов, «Ақсай-2016» АӨК басшысы Нұрқанат Әбзелбек, «Зылиха» ШҚ Төрағасы Керімқұл Бегалиев, «Жандос» ШҚ басшысы Жандос Молдабеков, «Бизнес инкубатор» МКК директоры Зайырбек Сұлтанмұратов, «Бурное сүт компаниясы» ЖШС басшысы Руслан Хамзабек. 

 «Алдағы уақытта ең көп дауыс жинаған 9 үміткер өзара Кеңес Төрағасын сайлайтын болады және Кеңес Төрағасы тікелей  Өңірлік Кеңес мүшелігіне кіреді. Осылайша, Кеңес құрамының 60%-ы салалық кәсіпкерліктен, яғни облыстың экономикалық ерекшеліктеріне байланысты химия, туризм, агроөнеркәсіп кешені, білім беру, денсаулық сақтау салаларының өкілдерінен және қалған 40%-ы Аудандық Кеңес Төрағаларынан құралады деген жоспар бар» - дейді Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек.

Кеңес мүшелерінің негізгі міндеті –  кәсіпкерлерді  мазалаған проблемалық сұрақтарды, жүйелік мәселелерді аудан, облыс деңгейлерінде көтеріп, олардың мейлінше шешілуіне атсалысу. Сондай-ақ, құрылатын  Кеңес Жуалы ауданы кәсіпкерлер палатасының қызметін бақылаушы орган болып табылады. Яғни, бұдан былай Аудандық кәсіпкерлер Палатасы филиалының жұмысы тікелей Аудандық кеңес мүшелерінің назарында болады.

Олар: Аудандық Іскер Әйелдер Кеңесінің төрайымы Әсима Шекеева, «Ақтөбе-18» АӨК басшысы Нұрбек Сарбаев, «Шынтас» асыл тұқымды жылқы ШҚ басшысы Нарқозы Наурызқұлов, «Жуалы сүт өнімдері» ЖШС басшысы Қуаныш Мешелов, «Ақсай-2016» АӨК басшысы Нұрқанат Әбзелбек, «Зылиха» ШҚ Төрағасы Керімқұл Бегалиев, «Жандос» ШҚ басшысы Жандос Молдабеков, «Бизнес инкубатор» МКК директоры Зайырбек Сұлтанмұратов, «Бурное сүт компаниясы» ЖШС басшысы Руслан Хамзабек жоғары дауыс жинап, аудандық Кеңестің құрамына кірді.

Аудандық Кеңес құрамы кәсіпкерлерден тұратындықтан,  дауыс беру науқанына тек кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгендер, шаруа қожалық иелері және әлеуметтік-өндірістік кооператив басшылары ғана  ие қатыса алды.

Алдағы уақытта пилоттық жобаның қорытындысы 2018 жылы 21 маусым күні өтетін жыл сайынғы «Атамекен» ҚР ҰКП Съезінде таныстырылатын болады.

«Жоба нәтижелі деп танылған жағдайда, республиканың барлық 189 ауданында Кеңес мүшелігіне үміткерлерді сайлау өткізіледі деген жоспар бар» - деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Өңірлік даму Департаменті директорының орынбасары Данияр Сыдықов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер