«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кешегі журналист бүгін бизнес-леди

2018 жылғы 15 Маусым
- Жамбыл облысы
3431 просмотров

Эльмира Байназарова: «Медиа ортылығын ашып, жасөспірімдердің білімін шыңдап, талантты балаларды оқыту, тіл үйретуге қатысты арманымды «Атамекен» орындады»

Журналистика төртінші билік болғанмен, арқалағанымыз алтын, жегеніміз жаңтақ екені жасырын емес – дейді экс-журналист. Талай жылдар баспа ісінде қызметте болған Эльмира Байназарова өткен жылы жұмыс бабымен  кезекті бір жиналысқа қатысып, онда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының және Жамбыл облысы кәсіпкерлер Палатасы өкілдерінің жастарға бизнес ашу, кәсіпкерлерге қолдау жайлы түсіндіру дәрісінің куәсі болдым.

«Кәсіп ашу» тақырыбын естіген мен осы мүмкіндікті жақсы пайдаланып, екі құлағымды түре тыңдадым. Себебі, мамандардан кеңес алуға қол тимей жүрген болатын. Ертенімен қос ұйымды талғамай, бірден «Даму» қорының  «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» және кәсіпкерлер Палатасына ұсынған «Бизнес кеңесші»  қысқа мерзімдік курсқа жазылдым. Бастауыш кәсіпкер үшін кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеру маңызды және ақпараттың қай-қайсысы да артық етпесін түсіндім», – деді кәсіпкер.

 

Осылайша  2017  жылдың сәуір айында Эльмира екі сертификат алды. Екі түрлі жоба қорғадым: бірі – аударма ісі, мақала-эссе жазу, дипломдық жұмыстар әзірлеу, ғылыми жұмыс жазатын шағын орталық ашу туралы, екіншісі – баланы жан-жақты дамытатын түрлі үйірме курстары қамтылған білім орталығын ашу.

«2017 жылы мемлекеттік тегін грант байқауына қатысып, бағын сынап көрдім. Өкінішке орай «тегін ақша» маған бұйырмады. Алайда, жүрегім қалаған істі ашпай жатып екі қолымды сілтей алмадым, қалай да ойға алған істі бастауды ойладым» – деді кәсіпкер.

Кәсіпкерлер палатасының бизнес-бапкерінің ілімінің арқасында ол кәсіп ашу үшін ең керегі қаражат емес «идея» екенін білді. Осылайша еш шығынсыз үйінің ішінен «Тіл аударма орталығын» ашып, азын-аулақ табыс көре бастады. Нәтижесінде 2018 жылдың сәуірінде «Алаш info» медиа студиясын салтанатты түрде ашты.

Медиа орталығында оқушылармен қатар үлкендерге де бағытталған үйірмелер мен ағылшын тілін оқыту курстары бар. Жасөспірімдердің бойында домбыра, ақындық, айтыскерлік, қолөнер сынды дарындыларды тәрбиелейтін үйірмелер қамтылған, актерлік шеберлікке үйрететін кадрлар да бар.

«Тараз қаласында орналасқан «Кәсіпкерлер үйінің» кеңесші-мамандарының көмегіне Эльмира Байназарова әлі күнге дейін жүгенемін және жеке кәсіпкер ретінде аяққа нық тұруым үшін әлі талай сүрінетінімді білемін. Халықпен жұмыс істеу, қызмет көрсету саласында кәсіп жүргізу, әр адамның талғамынан шығу оңай емес. «Атамекеннің» мамандары маған бәсекеге қабілетті болуға үйретті – дейді бизнесвумен.

Кәсіпкердің жоба-жоспары ауқымды. Алдағы уақытта мемлекет ұсынған старт-ап бағдарламаларға қатысуға ниетті. Оның өмірлік ұстанымы – арманың үшін күресі білу қажет...

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер