«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шетелдік эксперт Монтессори жүйесі бойынша оқытудың қыр-сырымен таныстырды

2018 жылғы 22 Тамыз
- Жамбыл облысы
7918 просмотров

Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының шақыруы бойынша «STAR KIDS» балабақшасының педагогикалық ұжымына Мария Монтессоридің әдіснамасын тереңірек түсіндіру үшін Түркиядан Мария Монтессори жүйесі бойынша сарапшы - Екатерина Пронина келді.

Біздің анықтама:

Итальяндық ғалым және ойшыл Мария Монтессори ХХ ғасырдың ең танымал оқытушыларының бірі, әлемдегі жас балаларды тәрбиелеу бағытындағы жүйеге бала санасына  терең әсер ететін тәжірибелер мен идеяларды енгізген жаңашылдардың бірі болды.

Монтессори әдісі -итальяндық дәрігер Мария Монтессори әзірлеген баланы тәрбиелеудің әдісі. Бұл әдіс балалардың туылғаннан бастап ересек адамға дейінгі ғылыми байқауларына негізделген және әлемнің әртүрлі елдерінде 100 жылдан астам уақыт табысты қолданылған. Ол баланың оқуға деген ұмтылысын, сондай-ақ балалардың өз таланттарын өз бетінше дамытуға қабілеттілігінің бірегейлігін толық игеруге арналған. Монтессори әдісінің сыры неде?

Монтессори әдісі -бала болмысы өздігінен білімге ұмтылуына және оқу ортасында тәуелсіз білім алуға қабілетті екеніне негізделеді. Бұл тәсіл баланың жалпы дамуын, оның ішінде физикалық, әлеуметтік, эмоционалды және когнитивті дамуын қарастырады.

Курс бағдарламасының мазмұны бай.

Балабақшада дәріс басталғанға дейін AMI стандарты бойынша оқыту ортасы құрылды. Екатерина мұғалімдерге өзінің теориялық және практикалық білімі мен тәжірибесімен бөлісті, презентация жасады.  Мұғалімдер лекцияларды тыңдап қана қоймай, Монтессори материалдарын пайдалану бойынша шеберлік сағаттарына да қатысты.

Сондай-ақ, сарапшы балалар психологиясының сипаттамалары туралы, өте нәзік кезеңдер туралы әңгімеледі және мұғалімнің негізгі міндеті- балаға мүмкіндігінше көп тапсырма беруге болмайтындығын, мұғалім баланы өзі білім іздеп табуына бағыттау керектігін айтты.

Дәріс соңында Монтессори әдіснамасының эксперті бұл жүйені енгізіп, тереңірек оқыту бойынша әдіснамалық нұсқаулар берді. Тренингтердің көпшілігі жаңа қызметкерлер үшін  бейнежазбаға түсірілді.

«Ең басында есте ұстайтын нәрсе-баланы қабылдау керек. Бала-ғажайып тұлға.  Оны бар болмысымен қабылдау керек. Әлемдегі көп ата-аналар бала тәрбиесінде қиналады.  Менің өзімде де мұндай кедергілер болды. Мен бұған сабырмен ақырындап келдім. Әрбір баланың бойындағы ғажайыпты көре білу керек. Біз ата-аналар бала бойындағы барды емес жоқты көреміз. Балаға қателесуге мүмкіндік беру керек. Шынайы нәрселермен жұмыс істетіп үйрету маңызды. Мысалы кәдімгі пышақпен жұмыс істеген бала ұқыптылыққа бейімделеді», - деп атап өтті Екатерина Пронина.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер