«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен Тараз» шағын несие ұйымына – 2 жыл!

2018 жылғы 28 Тамыз
- Жамбыл облысы
3997 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігінің қаржы басқармасының бірлескен жарғылық капиталы негізінде құрылған «Атамекен Тараз» шағын несие ұйымының» өз жұмысын бастағанына 2 жыл болды.

Қаржыландырудың мақсаты – ауыл шаруашылығын, ауылды елді мекендер, моно және шағын қалаларды дамытуға несие беру. Өйткені Жамбыл облысы өнеркәсіптік-аграрлы өңірлердің қатарына жатады.

«Жас қаржы ұйымымен 2017 жылы 461 млн.теңгеге 109 несие берілді. Оның ішінде шағын қаржы ұйымының  жарғылық капиталынан 226,5 млн.теңгеге 30 несие және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 235 млн.теңге соманы құрайтын 79 несие берілді. Қаржының басым бөлігі мал шаруашылығымен қатар, Сондай-ақ несиелер балық өсіруге, орамта шаруашылығы, жол жиегіндегі сервис нысандарын салуға, шағын наубайхана, аспаздық цехтарын ашуға, ет, сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінді – дейді «Атамекен-Тараз» шағын қаржы ұйымының директоры Серікхан Сабырханов.

 Жалпы бүгінде мемлекет тарапынан фермерлерге қолдау бар. Ауылдағы игілікті іске шарапаты мол мемлекеттік бағдарламалар да жетерлік. Алайда, бастауыш кәсіпкерлер үшін мұндай мүмкіндіктер қолжетімді бола бермейді. Сол себепті де «Атамекен» ҰКП-мен шағын несие беру бағдарламасын жүзеге асыруда Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан қаржы ұйымдары ашылды.

Шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған қаржыландыру ұйымында екінші деңгейлі банктерде жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандар қызмет етеді. Шағын қаржы ұйымымен қаржылық талдау жүргізуде ішкі және реттеуші талаптар, кепілдікті қамтамасыз ету, сараптама жүргізу, мониторинглеу талаптары қатаң сақталады. Бұл берілген несиелерді қайтарылмау тәуекелін минимумға дейін төмендетеді.

2018 жылдың алғашқы 6 айында 70 млн.теңгеге жуық несие берілді. Қаржыландырылған жобалардың арасында орамта, денсаулық сақтау салаларында бизнесін ашқан кәсіпкерлердің бары қуантады - дейді МҚҰ директоры.

Қаржы ұйымы құрылған сәттен бастап қазірге дейін төлеу мерзімі өтіп немесе проблемалық берешегі бар жобалар жоқ.

Жыл соңына дейін 63 жобаны қаржыландыру жоспарланған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер