«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жамбыл облысында жаңадан кәсіп ашқандарға грант бөледі

2018 жылғы 26 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
8145 просмотров

Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасында 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қатысушыларының жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыруға мемлекеттік гранттарды бөлу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жамбыл облысына қарасты Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мерке, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас, Шу аудандарынан келген 30 қатысушы өз жобаларын комиссия назарына таныстырды. Мемлекеттік қайтарымсыз қаражатты алуға Бағдарлама аясында кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алған бастауыш кәсіпкерлер мен жұмыссыз азаматтар  номинант болды.

 «Қазфосфат» ЖШС бас директоры – Ескендіров Мұқаш Зұлқарнайұлы төрағалығымен 7 адамнан тұратын комиссия ұсынылған жобаларды егжей-тегжейлі қарады.  Сонымен қатар комиссияға түрлі ұйымдар – Кәсіпкерлер палатасы, Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Нақты көмек» мүгедектер қоғамы» ҚБ және «Қазақстан» РТРК өкілдері қатысты.

«Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік гранттар 100 АЕК-ке (240 500 теңге) дейін көлемде беріледі. Биыл республика бюджетінен Жамбыл облысына гранттық қаржыландыруға жалпы 7 215 000 теңге бөлінді. Естеріңізге салсам, мемлекеттік гранттар жаңа бизнес идеяны жүзеге асырып жатқан немесе жоспарлап жатқан Бағдарлама қатысушыларына қайтарымсыз негізде қажетті жабдық пен мүкәммал алуға беріледі», – деді ӨКП директорының экономикалық мәселелер бойынша орынбасары Аспандияр Сейсебаев. .    

Таныстырылған жобалар негізінен қызмет көрсету саласы – тігін, шаштараз, мал шаруашылығын дамыту, көлік жууға қатысты болды. Отыз жобадан комиссия жиырма бес жобаны іріктеді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер