«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бақытжан Сағынтаев: «Жергілікті мамандануды ескере отырып, өңірлік салалық бағдарламаларды құру қажет»

2018 жылғы 15 Қараша
- Жамбыл облысы
7488 просмотров

ҚР Президенті Жолдауын талқылауға арналған өңірдің бизнес-қауымдастығымен кездесу аясында Премьер-Министр «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиевтің жобаларды субсидиялаудың тиімділігін анықтау, жалпы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нәтижесін шығару қажеттігі туралы ұсынысын қолдады.

Осы аптада Жамбыл облысына жұмыссапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бизнес жүргізудегі өзекті мәселелерін тыңдап және Президенттің тапсырмаларын іске асыруда одан әрі перспективаларды талқылау мақсатында Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік Кеңес мүшелері мен аймақтың бизнес-қоғамдастығымен кездесті.

Премьер-Министр кәсіпкерлердің назарын аймақтағы қарапайым заттардың экономикасын, әлеуметтік экономиканы дамыту мәселелеріне аударды. Қазіргі уақытта экономиканы несиелеу мәселесі өзекті болып отыр. Бөлінген 600 млрд теңгенің 400-і өңдеу өнеркәсібіне бағытталды, ауыл шаруашылығына 200 млрд теңге бөлінді, оның тең жартысы өнімді өңдеуді дамытуға арналған. Сонымен қатар, облыстарды жан-жақты дамыту үшін жергілікті мамандандыруды ескере отырып, өңірлік салалық бағдарламалар құру қажет.

«Бұл қаражат (600 млрд теңге) банктер 11%-бен беріледі, екінші деңгейлі банктер 4%-ын қосады. Барлығы 15%, оның 7 пайызын мемлекет субсидиялайды. Нәтижесінде 7 жылға 8% қалады. Бұл уақыт өз кәсібін дамыту үшін жеткілікті, – деді Бақытжан Сағынтаев. – Бізде мамандар да, жеріміз де,  білім де бар, бірақ зауыт тапшы. Бұл өңірге жақсы инвестиция болады. Яғни көлемдерді ұлғайту, әртараптандыру және жаңа жұмыс орындары. Ең бастысы, нарықта өз қантымыз қолжетімді бағамен пайда болады».

Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысы үшін аса маңызды жобаларды тауып, оларды алға жылжыту қажеттігін атап өтті. Бұл мәселе облыс деңгейінде шешілуі тиіс.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуы туралы айтып берді. Жамбыл облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 1745 адам оқудан өтті.

«Биылғы жылы білім алғандардың 98%-ы өздерінің бизнес-жобаларын қорғады. Табысты жобалардың үлкен пайызы – Жамбыл облысының ерекшелігі. Республика бойынша орташа көрсеткіш 60%-ға тең. Жамбыл облысындағы табыс деңгейі жоғары емес және жұмыспен қамту бағдарламасы адамдар өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырады», –деді Эльдар Жұмағазиев.

Спикер, сүт өңдейтін 5 нысанды толық толтыру үшін тәулігіне 113 тонна шикізат қажет екенін атап өтті. 2 мың отбасы немесе 6 мыңнан астам облыс тұрғыны нысанды қажетті нормамен қамтамасыз ете алады. Осындай ынтымақтастық барлығына пайдалы әрі тиімді болады. Бұл халықтың тұрақты табысы болады және бұл тек бір тауар номенклатурасы бойынша.

«Бағдарламаның міндеті – адамдарға тұрақты табыс пен өткізу тізбегін қамтамасыз ету. Талдау көрсеткендей,  халық табысының 75-80%-ы  ол жалақы, 20-25%-ы ол зейнетақы мен жәрдемақының үлесі», – деді Бақытжан Сағынтаев.

«Атамекеннің» тағы бір ұсынысы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қорытындысын шығару, атап айтқанда, ауыл шаруашылығындағы жобаларды субсидиялаудың тиімділігі болды.

«Біз мониторинг жүргізіп, субсидиялардың кәсіпорындардың экономикалық көрсеткіштерінің өсуіне, шаруа қожалықтарының дамуына, шығарылатын өнімнің өнімділігі мен сапасына қалай әсер еткенін көріп отырмыз. Қаржыландыру туралы шешім қабылдайтын комиссиялар жұмыс істейді және менің ойымша, олардың тиімділігін есептеу және қорытынды жасау барлығы үшін пайдалы болар еді. Іс жүзінде қанша жаңа жұмыс орны құрылғанын, салықтық түсімдер мен кәсіпорынның айналымының қаншалықты ұлғайғанын біліп, өсім мен қайтарымды көрсете алатын кәсіпкерлер мен кәсіпорындар арасында мемлекеттік қолдауды бөлуге болады», – деп толықтырды ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары жер телімдерін беру рәсімдерінің ашықтыөтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Бизнес жер комиссиясының жұмыс ережелерін, Жер кодексінің нормаларын көп жағдайда білмейді. Жер учаскелерінің қолжетімсіздігі мәселесі ауыр күйінде қалып отыр. Бұл сұрақ, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетіне де байланысты.

«Жер қатынастары –  Жамбыл облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның да проблемасы.  Аудандық әкімдіктердің бірінде тәжірибе ретінде кәсіпкерлерге жер телімдерін белсенді түрде бөле бастады. Біз қарадық, нәтижесінде салық аударымдарының өсуі мен кәсіпкерлердің саны – кәсіпкерлерге бөлінетін жерлердің санымен қатар өсуде. Өкінішке қарай, Бақытжан Әбдірұлы, бұл бір ғана мысал. Жер кодексінде бос жер телімдерін айналымға тартпағандар үшін жауапкершілік шаралары қарастырылмаған, бұл шағын және орта бизнестің дамуына теріс әсер етеді.  Аукциондар мен жер байқауларын өткізбегені үшін жауапкершілік жоқ. Ресей тәжірибесі бар, Бақытжан Әбдірұлы, онда аудан басшылары инвестор үшін «күреседі». Біз бірі әлеуетті инвесторға табиғи газды мемлекет есебінен өткізуді ұсынса, екіншісі әкімнің қосымша электр қуатын өткізіп беруді ұсынғанына  куә болдық, тек оның ауданына инвестиция салсаң болғаны. Аудан әкімдері үшін нақты, өлшенетін KPI қажет», – деді Эльдар Жұмағазиев.

Кездесу барысында сонымен қатар өңірдегі кәсіпкерлер сөз сөйлеп, Президент Жолдауында айтылған бастамалардың маңыздылығын атап өтті, оған қолдау білдірді.    

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасы кеңесінің төрағасы, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров Президент Жолдауын қолдау аясында кәсіпорынның барлық жұмыскерлерінің жалақылары 13,5%-ға көтерілгенін хабарлады.

«Біз 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қызметкерлеріміздің жалақысын тағы 10%-ға көтеру туралы бұйрық шығардық, осылайша, орташа жалақы 140 мың теңге болады.Сонымен қатар біз талдау жүргізіп, төмен жалақы алатындарды анықтадық, олар 55 мың теңге көлемінде жалақы алатын 36 адам, яғни, жуып-жинаушылар, қоймашылар және тағы да басқалары 1 қаңтардан бастап олардың жалақысын 20%-ға көтеретін боламыз», – деді Мұқаш Ескендіров.

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек облыстағы өнеркәсіптік кешен жалпы өңірлік өнімнің 17%-дан астамын құрайтынын атап өтті. Президент Жолдауында өңдеу өнеркәсібін дамытуға айрықша көңіл бөлінген. Осыған байланысты, өңірде өңдеу өнеркәсібінің барлық нысандарында скрининг жүргізілді – жұмыс істеп тұрған 596 өндірістік кәсіпорын қамтылды. Талдау нәтижесі бойынша өндірістік кәсіпорындарды қолдаудың Жол картасы әзірленді. Бұл карта аясында облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен аудандық әкімдердің тарапынан қаржылай емес қолдау көрсету көзделген.

«Жалпы, кәсіпорындардың кірісін 20%-ға арттыру, еңбек өнімділігін бір жарым есеге өсіру, өндіріс өнімділігін екі есеге көтеру, жабдықтарды жаңарту және жаңғырту тәрізді шаралар жоспарланған. Болжам бойынша, өңдеу секторындағы өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 2020 жылғы қарай 50 млрд теңгеге артып, 305 млрд теңгені құрайтын болады. Жалпы өңірлік өнімдегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 6%-ға көтеріліп, 205,2 млрд теңгені құрайды деп күтіліп отыр, облыс бюджетіне салық түсімдері 1,1 млрд теңгеге артады, жиынтық көлемі 3,2 млрд теңгеге жетеді, 800 жаңа жұмыс орны ашылады», – деді Мәріпбек Шәкербек.

Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы А. Ақшалова өз сөзінде әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және табиғи монополиялар қызметтерінің тарифтерін ретке келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыс мәселелерін қозғады. Мәселен, коммуналдық қызметтер тарифтерінің қатаңдауы, шығындардың босатылуы, кәсіпкерлердің пікірінше, қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қаражаттарды қайта бағыттауға мүмкіндік береді, ал бұл білікті және адал қызметкерлердің тартылуын арттырады.

«Әулие-Ата Феникс» ЖШС директоры Фарида Жүнісованың айтуынша, экспортқа бағытталған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Жыл басынан бері облыста 753 шаруа қожалығы субсидия алуға өтінім берді, оның ішінде 373-і 1,6 млрд тг сомасына субсидия алды, осы айда жергілікті бюджеттен қосымша 511 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. Жалпы, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы өнімділігі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту үшін облыстық бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер