«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Батыс Қазақстан облысында полиэтиленді бахила шығарылады

2018 жылғы 21 Қараша
- Батыс Қазақстан облысы
10671 просмотров

Өңір үшін жаңа жобаны «Атамекен» ұйымдастырған бизнес-курстардың түлегі Алмагүл Давыдова қолға алған.

Алмагүл Давыдова жеке кәсіп ашу туралы көп ойланады, бірақ қалай және неден бастарын білмеді. Декреттік демалысқа шыққан соң келіншек өз жоспарларын жүзеге асыруға шындап кіріседі. Бастапқыда дипломы бар заңгер неден бастаймын деп өзіне сауал қояды. Алып-сатарлық ұнамады, сондықтан Алмагүл нарықты зерттеп, бахила жақсы сұраныста екенін анықтайды. Бұл өнімді Батыс Қазақстанға еліміздің өзге өңірлері мен Ресейден тасымалдайды.

Бизнес-идеяны жүзеге асыру үшін Алмагүл БҚО кәсіпкерлер палатасы көмегіне жүгініп, осы қыста «Бизнес-Кеңесші» курстарын тәмамдады. Серификатты алып, грант алуға өтінім берді, алайда бірнеше балл жетпей қалды. Бастауыш кәсіпкер мойымай, жолдасы екеуі құжаттарды жинап, «Бастау» жобасына қатысты.

«Банк арқылы 3,4 млн теңге көлемінде жылдық 6%-бен 5 жылға несие алдық. Қытайдан жабдық алып, Алматыдан шикізат әкелдік. Бахилаларды қазақстандық материалдардан дайындаймыз, Ресейден өрілген резеңкені ғана алдыртамыз, өйткені оны бізде шығармайды. Осылайша, жергілікті қамту 75%-ды құрап отыр», – деді кәсіпкер Арман Давыдов.

Жалданбалы орынжайда орналасқан жеке шағын цехты Давыдовтар отбасы 18 қазанда іске қосты. Бір ауысымда 10 000 жұп бахила шығарылады. Әзірге косметологиялық емханалар, салондар, стамотологиялар мен фитнес-клубтардың тапсырыстары бойынша жұмыс істейді. Нарықты кеңейту үшін кәсіпкерлер жарнамаға басымдық беруде. Тауар туралы барлық ақпарат Инстаграм желісіне салынған. Өнімге көрші өңірлер қызығушылық танытқан. Келесі жылға мекемелермен келіссөздер жүргізілуде.

 Бахилалар емханалар мен ауруханаларды міндетті қорғаныш құралы ғана емес, оны басқа да салалар, тіпті тамақ өнеркәсібінде санитариялық мақсатта жиі пайдаланады. Өткізу нарығы шексіз деп айтса болады. Оның үстіне Давыдовтар отбасы бахилаларды БҚО-да жалғыз өндіруші. Демек, отбасы бизнесі табысты болмақ.

«Бизнес-Мектеп» жобасы, «Бизнес-Кеңесші» курсында 745 адам, «Бизнес-Өсу» – 75 адам оқыды. Жобалық оқытумен 40-тан астам қамтылды. Жыл басынан 227,1 млн теңгеге 55 жоба қаржыландырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер