«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандық өнімдер алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен көрмеде таныстырылды

2019 жылғы 18 Ақпан
8459 просмотров

Қазақстан алғаш рет Gulfood – азық-түлік және сусындардың жыл сайынғы  ірі халықаралық көрмесінде ұлттық стендті таныстырды

Көрме  17-21 ақпан аралығында Дубай қаласында 24-рет өткізіліп отыр. Іс-шараға Қазақстанның қатысуын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП және «Қазақстан Ет Одағы» қауымдастығы ұйымдастырды.

 Көрме жұмысына қатысуға Ақмола облысы әкімдігі, Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ қызығушылық білдірді.

 Айта кетелік, жыл сайын осы көрмеде 120 елден 5 мыңнан астам компания Таяу Шығыс және Парсы шығанағы өңіріне арнап өз өнімдерін ұсынады. Биыл көрмеге 193 елден 98 мыңнан астам қонақ келеді деп күтілуде.

БАӘ нарығы үшін осы көрменің маңыздылығы жоғары  мәртебелі қонақтардың жеке қызығушылығынан байқалып отыр. Дубай басқарушының орынбасары және БАӘ Қаржы министрі Шейх Хамдан бин Рашид Аль Мактум іс-шараның алғашқы күндері көрменің басты трендтері мен жаңашылдықтарымен танысады.

Қазақстандық стенд ауыл шаруашылығы өндірушілерінің өнімдері, сонымен қатар «QazMeat» және «Halal Qazaqstan» брендтері өнімдерімен қамтылған.

 Қазақстан Республикасы Үкіметімен қабылданған Мал шаруашылығын дамытудың ұлттық бағдарламасын тиімді іске асыру негізінде, Таяу Шығыс және Парсы шығанағының нарығы Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін тартымды болмақ.

 «QazMeat» ортақ бренді келесі компанияларды қамтиды:

  • Қазақстан  Ет Одағы;
  • «Empire Food» ЖШС (Алматы облысы);
  • «Батыс Марка Ламб» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы);
  • «Қарасу-Ет» ЖШС (Қостанай облысы);
  • «Тэрра» ЖШС «Қостанай облысы);
  • «Астана Агропродукт» ЖШС (Астана қ.)
  • «CommunicationArt» жеке кәсіпкерлігі (Астана қ.).

 Gulfood-2019 көрмесіне «Halal Qazaqstan» ортақ брендімен «Inter Trade» ЖШС (Ақмола облысы), «Первомайские деликатесы» ЖШС (Жамбыл облысы), «OptoGrad» ЖШС (Ақтөбе облысы), «ANKA GROUP» ЖШС (Ақмола облысы) және басқа компаниялар қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер