«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ЕАЭО елдері мен Иран арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісім отандық кәсіпкерлердің тәуекелін азайтады

2019 жылғы 13 Наурыз
6964 просмотров

Қазақстан сертификаттарының Иран тарапынан кері қайтарылу мәселесін ЕАЭО елдері және Иран мемлекеті арасындағы уақытшаеркін сауда аймағы туралы заң жобасы шешуі тиіс. 

Бұл жайтқа ҚР Мәжіліс Парламентінің кезекті отырысында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева  тоқталып өтті.

2018 жылы «Атамекен» ұзын саны екі мыңға жуық сертификат берсе, соның шамамен 40%  Иран тарапынан сол елдің талаптарына байланысты толықтырулар енгізуге  кері қайтарылған екен.

Мәселен, Солтүстік Қазақстаннан Иранды бетке алған бидай Ақтау порты арқылы, теңіз жолымен жіберілген. Ирандық сатып алушы тарап Ақтау арқылы жіберілетін бұл дәнді дақылды жіберуші тараптың мекенжайының өзгеруіне байланысты сертификатқа өзгерістер енгізуді сұраған.  Осындай оқиғаға кезіккен кәсіпкер қосымша уақыт жоғалтып, сертификаттарына өзгеріс енгізгенше тауары есептеулі мезгілінен артығырақ тұрып қалады. Юлия Якупбаеваның айтуынша, ал кәсіпкер қосымша шығынға кезігеді.

«Аталмыш Келісімдегі ереже  бойынша тауарды шығарушы елді анықтауда сертификаттың толтырылу реті мен уақыты тәртібі бекітілген. Иран тарапынан қабылданған құжат мұндай жағдайларды шешуге оң септігін тигізеді. Осыған ұқсас мәселелер Вьетнаммен сауда-саттық жасасу кезінде де орын алған болатын. Дегенмен, 2015 жылы еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылғаннан кейін жағдай өзгерді», - дейді Басқарма мүшесі.

Бұл Келісім арқылы Қазақстан тауарларына Иран аймағында кедендік артықшылықтар беріледі.

«Қазір Қазақстан тауарларына Иран аймағында қандайда бір артықшылықтар берілмейді. Егер, аталмыш Келісімге қол қойылса отандық біраз тауарға кеден төлемі төмендейді. Мәселен, сиыр етіне кеден төлемі -16%, күрішке - 11%, кондитер өнімдеріне - 35% және тағы да басқа тауарларға төлем мөлшерлемесі азаяды», - деп сөзін қорытындылады  Юлия Якупбаева.

Жалпы, бұл Келісім отандық кәсіпкерлердің тәуекелін азайтып, біздің өнімдерге Иран тарапынан сұраныстың артуына сеп болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер