«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекет бизнеске айрықша көңіл бөлуде

2019 жылғы 07 Қыркүйек
- Жамбыл облысы
3324 просмотров

Бизнес қолдауды Президенттің алғашқы жолдауынан да сезінді. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін көтерді. Бүгін облыс әкімдігі ғимаратында өткен актив жиынында жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов жолдаудағы міндеттерді орындау бойынша тапсырмалар мен ұсыныстарға тоқталды.

«Жолдауда мемлекеттік бағдарламалардың сапасын арттыру туралы нақты айтылды. Кәсіпкерлер арасында танымал, сондай-ақ, жаңа кәсіпорындар құруға бағытталған бағдарлама – «Бизнестің жол картасы». Өңірдің 1200 кәсіпкері бағдарламаның шапағатына кенелген болатын, аймаққа тиесілі бюджет 1,6 млрд теңгеге тең. Бұдан бөлек, Президент жаңа бағдарламаға келесі үш жыл ішінде қосымша 250 млрд теңге бөлінетінін атады» - деді Олжас Қаржауов.

Президенттің тапсырмасы бойынша, бизнесті қолдау үшін Ұлттық қордан 100 млрд теңге бөлінеді, бұл қаражат бәсекеге қабілетті және инновациялық жаңа кәсіпорындар құруға, жаппай кәсіпкерлікті қолдауға бағытталмақ. Палата директорының айтуынша, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП «Бастау» және «Жас кәсіпкер» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бағдарламаларын ауылды жерлерде жүргізеді. Жоба шеңберінде, облыстық кәсіпкерлер Палатасы өңірдің барлық аудандарында оқыту жүргізіп, жұмыссыз жүрген 2200 адамды қамтыды. Асқар Исабекұлы, өзіңіз атап өткендей, әр ауыл-аймақта ірі-ірі кәсіпорындар тұрғызу мүмкін емес, дегенмен, қосалқы шаруашылықтарды қолға алу арқылы шағын бизнесті дамытудың мүмкіндігі мол.

Сонымен қатар, Президент Жолдауында «Халықаралық нарықтағы Ұлттық бизнесті» қолдауға көмектесетінің айтты. Яғни, экспортқа жұмыс істейтін компаниялардың мемлекеттік қолдауының тиімділігін арттыру мәселесін көтерді. Қазақстанның өнімдерді шикізат күйінде ғана емес, дайын тауар ретінде экспорттауға әлеуеті зор. «Қазақстанда жасалған» брендінің танымалдылығын арттыру қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы экспортталатын тауарлардың қосымша құн салығы төлемдерін жеңіл түрде компанияларға кері қайтару жұмысын Үкіметке тапсырған болатын. Жамбыл облысында бар 74 экспорттаушы компания шамамен 10 млрд теңге көлемінде сыртқа өнім өткізеді. Кәсіпкерлер палатасы бизнеспен тікелей байлшаныст болғандықтан, экспорттаушы компаниялардың бірқатары қосымша құн салығын (ндс) қайтаруда бірқатар кедергілерге тап болатындарынан хабардармыз. Кәсіпкерлердің шымбайына батқан бұл мәселеге Президент Жолдауында нүкте қойды. Үкіметке - индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыруды, бизнесті қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Презентацияға назар аударсаңыздар, бизнесті жөн-жосықсыз тексеру жиілігі жыл сайын азаюда. Оның тағы бір дәлелі Президент микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий жариялауы, ол 2020 жылдың қаңтарында күшіне енеді. Бұдан өзге, қоғамдық бақылау мен өзін-өзі реттеу инструменттерін жандандыру қажеттілігін тапсырды.

Әсіресе, Президенттің «Жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегеріледі», – деген сөзі кәсіпкерлердің еңсесін көтерді. Бұл мәселе айтылған сәттен бастап «Атамекен» Ұлтық палатасы бизнеске әрі қарай ауыртпалық салуды ұлғайтуға қарсылығын білдіріп, аталған нормаларды қайта қарау бойынша нақты позицияны ұстанған болатын. Сонымен қатар, Ұлттық палата өз кезегінде кәсіпкерлерді, қауымдастықтарды, тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы мәселені жан-жақты талқылауға да шақырды. Міне, бүгін нәтижені көріп отырмыз.

Өзбекстандағы шағын бизнес өткен жылдан бастап бес жылға салықтан босатылғанын еске салайық. Бүгінгі таңда облыста шагын бизнес субъектілерінің саны 69 мыңнан астам, Кәсіпкерлер үш жылға салық төлеуден босатылады, бұл бизнестің қолда бар кредиттік жүктемесін төмендетуге, айналым қаражатын тиімді пайдалануға, жұмысшылардың жалақысын арттыруға, қосымша жұмыс орындарын құруға, кәсіпорындарды жаңғыртуға және т. б. нақты мүмкіндік береді.

Біз бұл қабылданған шешімдерді дұрыс әрі нақты өлшенген деп есептейміз, себебі жамбылда кәсіпкерлердің жалпы санының 99%-ы шағын бинеске тиесілі, бұл ретте олардан бюджетке түсер салықтың үлесі 28%.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер