«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түркиядан келген сарапшы жамбылдық компанияға өндірісті жаңартуға көмектесті

2019 жылғы 08 Қазан
- Жамбыл облысы
6204 просмотров

Овунч Йуксель Түркиядан Тараз қаласына «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Аға сеньорлар» құрауышы шеңберінде жергілікті «Бионика Ритм» ЖШС тігін компаниясының шақыртуымен келді

2014 жылы негізі қаланған «Бионика Ритм» тігін компаниясында Шахиста Мұхамеджанованың жетекішілігімен бүгінде екі дүкен және бір тігін шеберханасы бар. Компанияның мақсаты – ерлер мен әйелдерге күнделікті киіске арналған киім үлгілерін тігу, Қазақстан бойынша танымал брендті әзірлеу арқылы жергілікті желі және онлайн-сатылымдар арнасын құру.

Маркетинг саласындағы сарапшы, 20-жылдық тәжірибесі бар маман Овунч Йуксель Түркияның Чанаккале жағалауында тұрады.

«Осы жылдар ішінде түрлі ірі жобаларды жұмыс істедім, жобалар талдамалық және коммуникативтік дағдыларды талап етті, осылайша мен тәжірибе жинақтап, клиенттердің қалауын орындауға тырыстым. Соңғы 7 жыл ішінде кеңесші болып жұмыс істеп, мен клиенттерді мұқият тыңдауға, клиенттермен қарым-қатынас дағдыларын дамытуға, адамдарды мақсатыма жетуге қалай ынталандыруды үйрендім. Маған көпұлтты орта мен мәдениетте жұмыс істеу ұнайды. Тараз – бай тарихы бар шағын ғана шаһар, соған қарамастан оның заманауи келбеті де қалыптасқан, мұнда саябақтар, кең даңғылдар, университеттер бар, тұрғындары да жарқын», – дейді сарапшы.

 Жамбылдық кәсіпорында Овунч Йуксель 10 күн жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында сарапшы тігін компаниясының қызметін саралады, бизнес-процестерді жақсарту бойынша ұсынымдар әзірледі, сондай-ақ сарапшы технологиялар мен инновацияларды енгізуге көмектеседі, өндірісті басқаруда тәжірибесімен бөліседі.

 «Аға сеньорлар» құрауышы басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндірістер, жабдық технологияларын игеру және тікелей жұмыс орнында кеңес беру үшін қызметкерлерді оқыту мәселелері бойынша шетелдік жоғары білікті мамандарды тартуға бағытталған. Сарапшыны шақыруға кететін шығындарды мемлекет өтейді, ал тамақтандыру мен орналастыруды – кәсіпкер өз міндетіне алады.

  «Біз «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланып, «Аға сеньор» жобасы бойынша Овунч Йуксельді шақырдық. Маманның барлық жобаларымыз бойынша сараптамылық қорытындысын алғымыз келеді», – деді Шахиста Мұхамеджанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер